14.04.2010, 12:51 1722

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Шығыс - Батыс" институты бекіткен Бейбітшілік және превентивтік дипломатия сыйлығы табыс етілді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Шығыс - Батыс" институты бекіткен Бейбітшілік және превентивтік дипломатия сыйлығы табыс етілді

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Шығыс - Батыс" институты бекіткен Бейбітшілік және превентивтік дипломатия сыйлығы табыс етілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Шығыс-Батыс" институты 1980 жылы халықаралық қатынастарда "қырғи-қабақ" соғыстың келеңсіз салдарларын еңсеру, еуроатлантикалық аймақта шиеленісті бәсеңдету, азаматтық қоғам құндылықтарын алға жылжыту мақсатымен құрылған болатын.

"Шығыс-Батыс" институтының Бейбітшілік және превентивтік дипломатия сыйлығы АҚШ-тың ең беделді наградаларының бірі және ол мемлекеттік басқару, қауіпсіз әлем құру саласындағы ерекше жетістіктері үшін әртүрлі елдердің саяси және мемлекеттік қайраткерлеріне беріледі. Бұдан бұрын бұл наградамен АҚШ президенті Дж-Буш-үлкені, Чехия президенті В.Гавел, Германия канцлері Г.Коль және басқалар марапатталған болатын.

Марапаттау рәсімінде ЕҚЫҰ Бас хатшысы П.Бришамбо сөз сөйлеп, Нұрсұлтан Назарбаевты сыйлықпен марапатталуымен құттықтады.

Салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев институт басшылығына жоғары қоғамдық наградамен марапаттағаны үшін алғыс айтты. Ол бұл марапаттауды Қазақстанның жаһандық, соның ішінде ядролық қауіпсіздікті нығайтуға, Астанада тұрақты түрде өтіп келе жатқан Илемдік дәстүрлі діндер мен көшбасшыларының съезін мәдениет пен өркениеттердің жалпы әлемдік диалогы ретінде өткізудегі және ұйымдастыруға қосқан зор үлесіне берілген баға ретінде қабылдайтынын атап өтті.

Қазақстан президенті Америка Құрама Штаттарының президенті Барак Обамамен кездесуінің қорытындыларын, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит қорытындысын жоғары бағалады.

"Ақ үйдің жаңа Икімшілігінің қазірдің өзінде халықаралық қатынастардағы мәреде оң нәтижелер бере бастаған саясатын қанағаттанушылық сезіммен атап өтемін. Бұл бізге Қазақстанның ЕҚЫҰ - қауіпсіздік саласындағы анағұрлым беделді халықаралық ұйымға төрағалықты жүзеге асыруда үлкен көмек болады. Қазақстан президент Барак Обаманың Шығыс пен Батыстың жақындасуы, Мұсылман әлемімен диалогты нығайтуы жөніндегі бастамасына барынша қолдау көрсетеді", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, "Шығыс - Батыс" институтының миссиясы Қазақстан халықаралық аренада алғы жылжытып және белсенділікпен іске асырып отырған бастамалармен қабысады. Мемлекет басшысы институттың барлық қызметкерлеріне зерттеу және тәжірибелік жұмыстарында жаңа табыстар тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны