10.07.2006, 15:41 2747

Қазақстан президенті Ресейлік әріптесіне Иркутск қаласындағы ұшақ апатына байланысты қайғырып көңіл айтты

АСТАНА. 10-шілде. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге «А-310» жолаушылар ұшағының апатынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.

”Қазақстан халқының және өзімнің атымнан сізге, сондай-ақ, қаза болғандардың туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын”, - делінген жеделхатта.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ресейлік БАҚ-тардың ақпаратына сәйкес, Мәскеуден Иркутскіге бет алған А-310 ұшағы қону барысында бетон қабырғаға соғылып, жанып кеткен. Соның салдарынан 122 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жарақатпен және күйікпен ауруханаларға жеткізілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында шетелдіктер мен балалар да бар. Ұшақ жолаушыларының басым бөлігі Байкал көліне демалуға бара жатқан. Ұшақта барлығы 204 адам, соның ішінде экипаждың 8 мүшесі болған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны