27.10.2016, 17:23 4690

Қазақстан Президенті "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Бағдарлама аясында жеке секторға Қор тобыныӊ 216 нысанын шығару көзделген. Бүгінгі таӊда Экономиканы жаӊғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комииссиямен 133 активті жекешелендіру тәсілі келісілді, оныӊ 39-ы қазірдіӊ өзінде 7,4 млрд теӊгеге сатылды.

Астана. 27 қазан. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Өмірзақ Шөкеев "Самұрық-Қазына" АҚ-ныӊ осы жылдыӊ 9 айы ішіндегі қызмет нәтижесі туралы хабардар етіп, Трансформация және Жекешелендіру бағдарламаларыныӊ іске асырылуы жайлы есеп берді.

Басқарма төрағасы өз баяндамасында 2016 жылдыӊ 9 айы ішінде Қор тобында қол жеткізілген қаржылық көрсеткіштерді атап өтті. Соныӊ ішінде, алдын ала мәліметтер бойынша, Қор тобыныӊ жиынтық түсімі 3 трлн 927 млрд теӊгені, ТОП 12 қоржын компанияныӊ салық төлегенге дейінгі операциялық табысы 405 млрд теӊгені құрап, 2015 жылғы ұқсас кезеӊдегіден 297% және 114% жоғары нәтиже көрсеткен.

Қор тобыныӊ өндірістік көрсеткіштері негізінен жоспарға сәйкес: мұнай мен газ конденсатын өндіру 16,74 млн тонна, табиғи газ - 3,54 млрд куб. м. "Қазақстан темір жолы" АҚ-дағы 2016 жылдыӊ 9 айындағы жүк айналымы 136 млрд тонна-шақырым, жолаушылар тасымалы - 13,7 млрд жолаушы-шақырым. "Қазатомпром" АҚ-ныӊ уран өндіру көлемі 18,1 мыӊ тонна болды.

2012 жыл мен 2016 жылдар арасында Қор айтарлықтай нәтижелерге және басты мәселелерді толықтай шешуге қол жеткізді. Құрылым мен қызметті трансформациялау, сондай-ақ Қор тобыныӊ ұзақмерзімді даму стратегиясы қарқын алды. Соныӊ ішінде, операциялық ақшалай кіріс тиімділігі артты (EBITDA margin). Кірістіӊ 2016 жылғы нәтижелері бойынша 2011 жылғы 16% деӊгейден 22%-ға артуы күтіліп отыр. Қордыӊ сыртқы қарыз көрсеткіші 2016 жылғы 30 маусымдағы жағдайға сәйкес 16.8 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл 2010 жылғы сыртқы қарыздан анағұрлым төмен (БТА Банкті қайта құрылымдау мен ҚМГ қарызыныӊ азаюы есебінен 12 млрд. АҚШ долларына).

Жақында Қор жаӊа стратегиялық міндеттерге, ЭЫДҰ-ныӊ стандарттарына, озық әлемдік тәжірибелерге толықтай жауап беретін жаӊа ұйымдық құрылымға көшті. Қызметтер деӊгейі нақты бөлінді, лауазымдарға талап, оларды бағалау күшейтілді, қызметкерлерді жалдау, бағалау үдерісін ашық жүргізуге қол жеткізілді.

Нәтижесінде Қордағы кадрлық құрам 40%-ға жаӊарып, басқарушы директорлар 16-дан 9 адамға, қызметкерлер саны 15%-ға қысқарды. Қор Директорлар кеӊесі арқылы басқарылатын стратегиялық холдинг ретінде өз қызметініӊ басты көрсеткіштерін оӊ бағытта жаӊартып, жақсартуды жоспарлы түрде жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ, Президентке Қордағы Жекешелендіру бағдарламасыныӊ іске асырылу жағдайы туралы хабарланды. Бағдарлама аясында жеке секторға Қор тобыныӊ 216 нысанын шығару көзделген. Бүгінгі таӊда Экономиканы жаӊғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комииссиямен 133 активті жекешелендіру тәсілі келісілді, оныӊ 39-ы қазірдіӊ өзінде 7,4 млрд теӊгеге сатылды. Қазіргі уақытта, 2016-2020 жылдардағы Жекешелендірудіӊ кешенді жоспарына сәйкес, Қор өзге активтерді сатуға дайындау және сату жұмыстарына кірісіп кетті.

Үдемелі индустриялды-инновациялық дамудыӊ екінші бағдарламасы аясында Қор 22 жобаныӊ 11-ін іске асырып жатыр, оныӊ жалпы құны 26 млрд АҚШ долларын құрайды. Мұнайгаз, энергетика саласындағы ауқымды жобалардан өзге, Қор қара және түсті металлургия, мұнайгаз-химия және агрохимия сияқты басым секторлардағы жобаларды да іске қосуда. Кейбір нысандардағы жұмыс қызу жүргізілуде және оларда 2 мыӊ жұмыс орны ашылған. Құрылыс кезінде 25 мыӊнан артық, оны іске қосқаннан кейін 4 мыӊнан артық жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

"Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша Қор құны 2 млрд АҚШ долларын құрайтын 7 жобаны іске асырып жатыр, онда құрылыс кезінде 6,5 мыӊ жұмыс орны, іске қосылғаннан кейін 1,2 мыӊ жұмыс орны ашылатын болады. Транзиттік әлеуетті арттыратын көліктік және логистикалық жобалар, сондай-ақ инфрақұрылымдық, энергетикалық жобалар да қарқынды жүзеге асырылып жатыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны