29.01.2010, 16:06 3262

Қазақстан президенті үкіметке Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту процессін қарқындандыруды тапсырды

Қазақстан президенті үкіметке Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту процессін қарқындандыруды тапсырды

Астана. 29 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті үкіметке Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту процессін қарқындандыруды тапсырды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Ресей және Беларусьпен арадағы Кедендік одақтың құрылуы - Қазақстанның әуел бастан жүргізіп келе жатқан саясатындағы, біздің интеграциялық бастамаларымыздағы үлкен серпін болмақ. Үш мемлекеттің интеграциясының кезекті кезеңі - 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап біртұтас экономиалық кеңістіктің қалыптасуы болмақ, бұл - интеграцияның мейлінше жоғарғы деңгейі", - деді Н. Назарбаев.

"ТМД аясындағы өңірлік экономикалық бірлестіктерді қолдай отырып, үкімет Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарына сай келетін шарттармен Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту процессін қарқындандыруы қажет", - деді президент.

"Еліміздің кәсіпкерлері жаңадан пайда болған мүмкіндіктерді бағалауының маңызы зор, сондай-ақ, олар жаңа нарықтарға шығу, бәсекелестік артықшылықтарын өсіруге бағытталған тиімді стратегияларды жасаумен шындап айналысуға тиіс", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны