18.04.2018, 22:14 4215

Қазақстан Президенті Ұлттық банк қызметініӊ қорытындылары жөнінде кеӊес өткізді

- Мемлекет 3 триллион теӊгеден астам қаражат бөліп, банк жүйесіне бұрын-соӊды болмаған қолдау көрсетті. Бұл ретте, банктер тарапынан берілген несиеніӊ көлемі артпай, 2017 жылдыӊ соӊында 12,7 триллион теӊгені құраған. "Жұмыс істемейтін" несиеніӊ үлесі - 10 пайыз.

Астана. 18 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Ұлттық банк қызметініӊ қорытындылары жөнінде кеӊес өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Жиын барысында Мемлекет басшысына Ұлттық банктіӊ 2017 жылғы атқарған жұмыстары жөнінде есеп беріліп, еліміздіӊ қаржы секторыныӊ даму перспективалары баяндалды.

Елбасы макроэкономикалық көрсеткіштердіӊ жақсарғанын және инфляцияныӊ белгіленген межеден аспағанын атап өтіп, банк жүйесіне мемлекеттіӊ қолдау көрсетіп жатқанына, сондай-ақ реттеуші тарапынан қаржы институттарыныӊ қызметін қадағалауды күшейту қажеттігіне назар аударды.

- Мемлекет 3 триллион теӊгеден астам қаражат бөліп, банк жүйесіне бұрын-соӊды болмаған қолдау көрсетті. Бұл ретте, банктер тарапынан берілген несиеніӊ көлемі артпай, 2017 жылдыӊ соӊында 12,7 триллион теӊгені құраған. "Жұмыс істемейтін" несиеніӊ үлесі - 10 пайыз. Биыл көрсеткіштері өте нашар банктерді сауықтыру жөніндегі Ұлттық банк бағдарламасы тоқтатылады. Акционерлері дұрыс басқара алмағандықтан бұл банктер қарызға батып, салымшылар алдында өз міндеттемелерін орындай алмады. Сол себепті көрсеткіштері нашар болды. Бұл жағдайдан қалай шығуға болады? Бұл банктерді сақтап қалу үшін акционерлер өздерініӊ жеке қаражатын құйып, кезінде олардан шығарып алған қаржыны қайтаруға тиіс, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында және "Бес әлеуметтік бастамасында" көрсетілген қаржы секторын қайта жаӊғырту жөніндегі шараларға тоқталды.

- Бүгінде экономиканы ұзақ мерзімді несиемен қамтамасыз ету мәселесі шешімін таппай отыр. Қор нарығын жандандыру керек, сондай-ақ банк жүйесінде туындаған жағдайларды уақтылы бағамдап, тиімді әрекет ету қажет. Бүгін Парламентте талқыланып жатқан валюталық реттеу туралы заӊға енгізілетін өзгерістердіӊ қабылдануына байланысты "7-20-25" бағдарламасы аясында атқарылатын жұмысты биыл бастау керек. Мен қос палата депутаттарынан бұл мәселені осы сессиясыныӊ соӊына дейін тездетіп қарастыруды сұраймын. Бұл әрбір азаматымызға арналған меніӊ "Бес әлеуметтік бастамамды" іске асыру үшін маӊызды, - деді Мемлекет басшысы.

Данияр Ақышев 2017 жылы Ұлттық банктіӊ қызметі нарықтағы бағалардыӊ тұрақтылығын қамтамасыз етуге және банк секторыныӊ жұмысын бір қалыпқа келтіруге бағытталғанын атап өтті.

- Қаржы нарығындағы жағдай қалыпты. Макроэкономикалық көрсеткіштер мен қаржы секторыныӊ даму индикаторлары тұрақты түрде жақсарып келеді. 2018 жылы инфляция 5-7 пайыз шамасында болады деп ойлаймыз. Биылғы ақпан айыныӊ соӊындағы жағдайға сәйкес, заӊды тұлғаларға теӊгемен берілетін несие ставкасы 12,9 пайызға дейін төмендеді, - деді Ұлттық банк төрағасы.

Бұдан бөлек, Данияр Ақышев теӊгеніӊ айырбас бағамындағы ахуал мен оған ықпал еткен ішкі және сыртқы факторларға түсінік берді.

- Өткен аптада жекелеген ресейлік компаниялар мен тұлғаларға қатысты АҚШ-тыӊ экономикалық санкцияларын кеӊейтуіне байланысты оқиғалар болды. Тиісінше Ресейдіӊ қор және валюта нарығында белгілі бір өзгерістер орын алды. Ирине, олар Қазақстанныӊ да валюта нарығына әсер етті және бұл еркін бағам жағдайында қалыпты нәрсе саналады. Бірақ бұған деген нарықтыӊ әсері тура пропорционалды болған жоқ. Егер рубль бағамы 10 пайыздан астам құлдыраса, теӊге номиналды түрде айтсақ, 3 пайызға ғана төмендеді, - деді Ұлттық банк төрағасы.

Жиын соӊында Мемлекет басшысы Ұлттық банк жұмысыныӊ жақсара түскенін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны