16.03.2016, 12:03 2921

Қазақстан Президенті жатақханада күнделікті тұрмыс пен демалыс үшін барлық жағдай жасалғанын айтты. Соған орай Нұрсұлтан Назарбаев республикада жастарды қолдау мен олардыӊ білім алуы мәселелеріне ұдайы көӊіл бөлінетінін, соныӊ ішінде бұл жұмыс "Серпiн-2050" мемлекеттік бағдарламасы аясында да атқарылып жатқанын атап көрсетті

Г.Ибдіқалықова өз сөзінде гендерлік теӊдік және әйелдердіӊ ахуалын жақсарту мәселелері бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, орнықты даму, кедейшілікті жою және адам құқықтарын қорғау сияқты БҰҰ Жаһандық күн тәртібініӊ негізгі мәселелерімен тығыз байланысты екенін атап өтті

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Г.Ибдіқалықова өз сөзінде гендерлік теӊдік және әйелдердіӊ ахуалын жақсарту мәселелері бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, орнықты даму, кедейшілікті жою және адам құқықтарын қорғау сияқты БҰҰ Жаһандық күн тәртібініӊ негізгі мәселелерімен тығыз байланысты екенін атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекеттік хатшы Қазақстанда гендерлік саясаттыӊ өзіндік үлгісі қалыптасқанын айтты. Ұлттық ерекшеліктер ескерілген бұл үлгі халықаралық тәжірибелерге негізделген. Сондай-ақ гендерлік теӊдікке қол жеткізуге, әйелдер мен қыз балалардыӊ құқықтарын қорғауға және олардыӊ мүмкіндіктері ауқымын кеӊейтуге бағытталған, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Сессия аясында "Қазақстанныӊ гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаты: өсім, реформа, даму" тақырыбы бойынша министрліктіӊ жұмыс бабындағы түскі асы ұйымдастырылды. Жарыссөзге Бельгия, ОАР, Чехия, Ангола, Латвия, Зимбабве, Үндістан, Корея Республикасы, Жапония, Парагвай, Аргентина, Мысыр, Түрікменстан және басқа да елдердіӊ делегациялары қатысты. Іс-шара барысында Қазақстандағы гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттыӊ, сондай-ақ экономикалық мүмкіндіктерініӊ аясын кеӊейту және ауылдық аймақтардағы әйелдердіӊ денсаулығын қорғау мәселелері жан-жақты талқыланды.

Сессия барысында Мемлекеттік хатшы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысыныӊ орынбасары, БҰҰ Ийелдер құрылымыныӊ атқарушы директоры Ф.Мламбо-Нгкуканыӊ кездесуі өтті. Тараптар Қазақстанныӊ әйелдер мен қыздар құқығын қорғау және мүмкіндіктері ауқымын кеӊейту саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындау мәселелері қаралды. Г.Ибдіқалықова тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанныӊ әйел құқықтарын қорғау саласында қол жеткізген өзгерістеріне жетекші халықаралық сарапшылар оӊ баға бергенін атап өтті.

Сондай-ақ, Г.Ибдіқалықова Америкалық мемлекеттер ұйымыныӊ (АМҰ) Ийелдер жөніндегі америкааралық комиссиясыныӊ атқарушы хатшысы, елші К.Мореномен кездесті. Тараптар әйелдердіӊ азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларға қатысуына және өкілеттілік етуіне толық әрі теӊ қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді жан-жақты талқылады. Мемлекеттік хатшы Қазақстанныӊ Солтүстік және Оӊтүстік Америкадағы әйел құқықтары және гендерлік теӊдікке қатысты саясатты жүргізу ісіндегі басты ұйым болып табылатын АМҰ-мен ынтымақтастыққа жете мән беретінін атап көрсетті.

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Ибдіқалықова БҰҰ Даму бағдарламаларыныӊ Икімшісі Х.Кларкпен кездесуде ҚР мен БҰҰДБ арасында 2016-2020 жылдарға арналған жаӊа негіздемелік бағдарламаға қол қойылғанын айтып, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге және оны жүзеге асыруға жәрдем еткені үшін алғыс білдірді. Г.Ибдіқалықова Х.Кларкқа кедейшілікті және жұмыссыздықты төмендетуге, әйелдерді инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға тартуға бағытталған "Нұрлы жол" жаӊа экономикалық бағдарламасыныӊ мүмкіндіктерін таныстырды. Мемлекеттік хатшы Нью-Йорктегі БҰҰ Даму бағдарламасында қазақстандық әйелдердіӊ де өкілдік етуіне мүдделілік танытты.

АҚШ-қа жасаған жұмыс сапарыныӊ соӊында Мемлекеттік хатшы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті. Кездесу барысында орнықты дамудыӊ, гендерлік теӊдіктіӊ және әйелдер мен балалардыӊ құқықтары мен мүмкіндіктері аясын кеӊейтудіӊ, әлеуметтік-гуманитарлық ілгерілеудіӊ өзекті мәселелері талқыланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны