14.04.2017, 23:47 6194

Қазақстан Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊестіӊ отырысына қатысты

Шағын құраммен өткен отырыста Еуразиялық экономикалық одақтыӊ (ЕАЭО) 2015-2016 жылдардағы халықаралық қызметініӊ негізгі бағыттарыныӊ іске асырылуы туралы баяндама тыӊдалды.

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасына сапары аясында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊестіӊ шағын және кеӊейтілген құрамдағы отырыстарына қатысты,- деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ, Кеӊес жұмысына Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей президенттері - Серж Саргсян, Александр Лукашенко, Алмазбек Атамбаев, Владимир Путин және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасыныӊ төрағасы Тигран Саркисян қатысты.

Шағын құраммен өткен отырыста Еуразиялық экономикалық одақтыӊ (ЕАЭО) 2015-2016 жылдардағы халықаралық қызметініӊ негізгі бағыттарыныӊ іске асырылуы туралы баяндама тыӊдалды.

Отырыс барысында тараптар Одақ аясындағы экономикалық өзара іс-қимылдыӊ өзекті жайттарын, халықаралық ынтымақтастық пен Еуразия кеӊістігіндегі одан әрі интеграциялану мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы Кеӊестіӊ кеӊейтілген құрамдағы отырысында осыдан үш жыл бұрын Астанада қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттыӊ орындалуына байланысты негізгі тұстарға тоқталды, бұл жиынға Молдова Президенті И.Додон да қатысты.

- Ұйымныӊ шарттық-құқықтық базасы жасалып, оныӊ аясы жүйелі түрде кеӊейіп келеді, ұзақмерзімді және ортамерзімді басымдықтары да айқындалды. Тауардыӊ, қызмет көрсетудіӊ, капитал мен жұмыс күшініӊ еркін қозғалысы нақты жүзеге асуда. Біз экономика саласында бір-бірімізбен келісе жұмыс жүргізіп, экономиканыӊ маӊызды деген бөліктерінде үйлесімді саясат ұстанып отырмыз. Иртүрлі елдермен және халықаралық ұйымдармен байланыс орнығып келеді, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қалыптасу кезеӊінде Еуразиялық экономикалық одақтыӊ жаһандық экономикадағы дағдарыстық құбылыстарды және күрделі геосаяси жағдай қатерлерін еӊсере білгенін атап өтті.

- Осыныӊ барлығы ұйымымыздыӊ соӊғы уақытта айтарлықтай төмендеп кеткен көрсеткіштеріне әсерін тигізді. Алайда дағдарыс мәӊгілік емес, құлдыраудыӊ соӊы өсімге ұласатыны белгілі, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Одаққа қатысушы елдердіӊ көпшілігі былтыр күрделі жағдайға қарамастан, экономикалық көрсеткіштер өсіміне қол жеткізгенін атап өтті.

- 2017 жылдыӊ басындағы статистикалық мәліметтер көӊілге үміт ұялатады. Осы жылдыӊ алғашқы айларыныӊ нәтижесі бойынша, ЕАЭО-ныӊ сыртқы сауда көлемі 37%-ға ұлғайды, ал өзара сауда- 38%-ға өсті, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы аталған оӊ үрдісті орнықтыру қажеттігін айта келіп, осы бағыттағы басты қадамдарды атап көрсетті.

- Біріншіден, ЕАЭО-ны дамытуға кедергі келтіретін барлық шектеулерді жою қажет. Екіншіден, тауарды өткізетін нарықтарды кеӊейтіп, инвестиция өсімі үшін халықаралық әріптестермен жаӊа сауда-экономикалық келісімдер жасалуын қамтамасыз ету керек. Үшіншіден, елдеріміздіӊ экономикасы үшін осындай күрделі кезеӊде өзара көмек қолын созған жөн. Төртіншіден, дағдарыстық құбылыстарды еӊсеруге Дағдарысқа қарсы күрес кеӊесі жақсы жәрдемші бола алады, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Экономика және қаржы министрлері кеӊесініӊ, сондай-ақ ЕАЭО елдерініӊ орталық банктері жетекшілерініӊ құрамын жасақтау жөніндегі Қазақстанныӊ ұсыныстарын ерекше атап өтті.

- Кеӊес ұйымға мүше мемлекеттердіӊ қаржы-экономикалық саясатыныӊ мәселелері және дағдарыстық құбылыстардыӊ алдын алу үшін өзара келісілген шаралар қабылдау жөнінде ЕАЭО органдарына ұсынымдар береді. Оныӊ жұмысы экономикалық өсім мен қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бірлескен іс-шараларды іске асыруға бағытталады. Кеӊестіӊ жұмысы G-20-ныӊ жанындағы Қаржы тұрақтылығы жөніндегі кеӊестіӊ және Еуропалық комиссия жанындағы ЭКОФИН-ніӊ қызметіне ұқсас болады, - деді Мемлекет басшысы.

Тараптар Одақтыӊ бақылаушысы мәртебесін беру мәселесін де қарастырды, үшінші елдерде оған зор мүдделілік бар.

Кеӊейтілген құраммен өткен отырыста ЕАЭО елдерініӊ 2017-2018 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатыныӊ негізгі бағдары бекітілді. Құжатта макроэкономикалық ахуалды жақсарту, корпоративтік секторды инвестиция көлемін арттыруға ынталандыру, шикізаттық емес экспортты ілгерілету бағытындағы елеулі шаралар көзделген.

Сонымен қатар, отырыс қорытындысында ЕАЭО мен оған мүше мемлекеттер және Иран арасында еркін сауда аймағын құру жөніндегі уақытша келісім туралы құжат қабылданды.

Бұдан бөлек, мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ жанынан бақылаушы мемлекет мәртебесініӊ берілуі туралы Молдова Республикасыныӊ өтінішін қарастырды.

Соӊында Қазақстан Президенті Қырғыз тарапына ЕАЭО органдарындағы төрағалық қызметі барысында табысты жұмыс жүргізуіне тілектестік білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны