04.06.2007, 12:36 2548

Қазақстан президентіне Ахмад Қадыров атындағы орден табыс етілді

АСТАНА. 4-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан президентіне Ахмад Қадыров атындағы орден табыс етілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Ахмад Қадыров атындағы орденді табыс еттік",- деді бүгін Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Қазақстан президентімен кездесуден кейін өткізілген брифингте.

Нұрсұлтан Назарбаевты Шешенстанның бірінші президентінің атындағы орденмен марапаттау туралы жарлыққа Р.Қадыров өткен бейсенбіде қол қойған. Н.Назарбаев Ресей мен Қазақстан, сондай-ақ, Шешенстан Республикасы мен Қазақстан халықтары арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін, Грозный қаласында тұрғын үй салуға және Шешенстан астанасы үшін коммуналдық арнаулы техника сатып алуға қаржы бөліп, үлкен көмек көрсеткені үшін аталмыш орденмен марапатталып отыр.

Ахмад Қадыров атындағы орден таза алтыннан жасалып, оның жиектері асыл тастармен әшекейленген. Бұл сыйлық Шешенстан Республикасы үшін жасалған өлшеусіз үлесі үшін табысталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны