27.09.2007, 14:38 2754

Қазақстан президентінің Бразилияға мемлекеттік сапары басталды

Қазақстан президентінің Бразилияға мемлекеттік сапары басталды


Алматы. 27 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Бразилияға мемлекеттік сапары басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің арнайы тілшісі.

Бразилиялық сыртқы саясат мекемесінің ақпараттарына сүйенсек, қазақстан көшбасшысының тарихта бірінші рет Латын Америкасына сапарының ресми бағдарламасы бейсенбіде Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силвамен кездесуінен басталып, одан әрі Нұрсұлтан Назарбаевтің құрметіне орай ұйымдастырылған "Итамарати" сарайындағы салтанатты қабылдаумен жалғасады.

Н. Назарбаев Бразилияға сапарының бірінші күнінде Бразилияның Ұлттық конгрессінің (парламентінің) екі палатасының басшыларымен кездеседі.

Қазақстанның президенті мен онымен бірге келген өкілдер сапардың екінші күнінде, яғни 28-қыркүйекте Бразилия мен латынамерикандық аймақтарының мұнайгаз саласындағы "Петробраз" және "Вале ду Рио Досе" таукен металлургия компанияларының басшыларымен кездеседі.
Соған орай, сапар барысында саяси ықпалдастық (соның ішінде Латын Америкасымен белсенді әрекеттестік, Орталық азиядағы интеграциялық үрдістер, дінаралық сұхбаттың дамуына Қазақстанның үлесі); халықаралық қауіпсіздік саласындағы серіктестік (жаппай қырып-жою қаруларын таратпау, халықаралық лаңкестікке, есірткілердің заңсыз айналымына және басқа да бүгінгі күннің қауіп-қатерлеріне қарсы күрес); сауда-экономикалық ынтымақтастық, отандық ғылыми ауқымды, экспортқа бағытталған өнеркәсіп пен ақпараттық саланы дамыту үшін жаңа технологияларды тарту мәселелерін талқылауға баса назар аудару жоспарлануда.


"Қазақстан Бүгін" агенттігінің арнайы тілшісінің хабарлауынша, Қазақстан президентінің Бразилияға мемлекеттік сапары аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған. Атап айтқанда, дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойылады. Сонымен қатар, екі елдің сыртқы саясат мекемелерінің арасындағы саяси консультациялар туралы хаттамаға, сондай-ақ Қазақстан мен Бразилия арасындағы өзара ықпалдастық қағидалары туралы декларацияға қол қою жоспарланған. Декларацияға қазақстан жағынан Нұрсұлтан Назарбаев қол қоюды, деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, елбасы Латын Америкасына сапарына дейін Нью-Йоркке барып, онда Бірікке Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясына қатысқан болатын. Елбасы АҚШ-да бірқатар екіжақты кездесулер өткізген. Атап айтқанда, Н. Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу өткізді. Ұйымның жаңа бас хатшысы Қазақстанның белсенділігі мен маңызды стратегиялық бастамаларын қолдайтындығын мәлім ете келе, жақын уақытта Астанаға барып қайтпақ ниетін хабардар етті.

Н. Назарбаев Австрияның федералдық канцлері Альфред Гузенбауэрмен кездесу барысында саясаткерлер екі ел қатынасының деңгейін көтеру керек, деген ортақ пікірге келген болатын.

Сонымен қатар, Қазақстанның президенті Еуропалық Одақ Кеңесінің бас хатшысы, жалпы сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі өкіл Хавьер Соланомен кездескен болатын. "Қазақстанның президенті Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасының арасындағы қатынастарды, заманауи энергетика мен ядролық қаруды таратпаудың кейбір проблемаларын талқылады",- деп хабарлайды "Казахстанская правда".

Сондай-ақ Қазақстанның президенті мен Итальяның премьер-министрі Романо Продидің кездесуі өтті. Президенттің баспасөз хатшысы Ерлан Байжановтың айтуынша, екі жақ Қашағанды игеру проблемасына саясат араласпауға тиіс, бұл бірінші кезекте бизнес мәселесі, деген ортақ пікірге келген. "Итальяндық премьер бізге қазанның бірінші онкүндігінде жоспарланған сапарының Қашаған проблемасына байланысты болғандығын қаламайды",- деп атап көрсетті Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны