15.04.2009, 18:24 3181

Қазақстан президентінің Қытайға ресми сапары басталды

Қазақстан президентінің Қытайға ресми сапары басталды

Астана. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Қытай астанасына келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Қытайда болу бағдарламасы сәуірдің 16-сында ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесу салтанатымен және келіссөздерімен, Бүкілқытайлық халық өкілдері Тұрақты комитетінің төрағасы У.Бангомен кездесуімен басталады, Қытай экономикасының жетекші концерндері мен кәсіпорындарының басшылары қатысуымен болатын Қытай іскерлік элитасы топтары өкілдерінің бизнес-ланчында болады.

Қазақстан президентінің Қытай басшыларымен келіссөздерінің күн тәртібі қауырт болатындығын қазақстандық делегация құрамында үкімет мүшелері мен парламент депутаттары, министрлер және отандық бизнес-элита өкілдерінің болуы байқатады.

Н.Назарбаев ҚХР-дағы мемлекеттік сапары бағдарламасы аяқталғаннан кейін сәуірдің 17-сінде Оңтүстік-Қытай теңізіндегі Хайнань арал провинциясына ұшып шығады, онда Елбасы шетелдік мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен бірге Боао азиялық форумына қатысады.

Бұдан бұрын да хабарлағанамыздай, сапар барысында Н. Назарбаев ҚХР басшылығымен бірқатар кездесулер өткізіп, серіктестіктің әртүрлі салаларына қатысты екіжақты құжаттарға қол қоймақ.

ҚР СІМ баспасөз хатшысы І.Омаровтың атап өткеніндей, екі ел экономикасына біраз қиындықтар туғызған ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыс кезіндегі бұл сапар қазақстан-қытай стратегиялық серіктестігін нығайтуда, сонымен қатар, күн тәртібіндегі екі және көпжақты форматтағы өзекті мәселелерді жоғары деңгейде қарастыруға мүмкіндік бермек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны