29.06.2010, 15:45 3393

Қазақстан президентінің пайымдауынша, ЕҚжЫҰ елдерінің еуразиялық экономикалық ынтымақтастығы маңызды мәселе

"Төзімділікті, өзара түсіністікті қамтамасыз ету әрине экономикалық ынтымақтастықтан бастау алады. Мен сондай-ақ, біздің елдердің еуразиялық экономикалық ынтымақтастығына қатысты мәселелермен айналысуды ұсынамын",- деді Н. Назарбаев.

Астана. 29-маусым. Kazakhstan Today Қазақстан президенті ЕҚжЫҰ елдерінің еуразиялық экономикалық ынтымақтастығы маңызды мәселе деп санайды. Бұл туралы бүгін төзімділік пен кемсітпеушілік жөніндегі жоғарғы деңгейдегі ЕҚжЫҰ-ы конференциясы барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Төзімділікті, өзара түсіністікті қамтамасыз ету әрине экономикалық ынтымақтастықтан бастау алады. Мен сондай-ақ, біздің елдердің еуразиялық экономикалық ынтымақтастығына қатысты мәселелермен айналысуды ұсынамын",- деді Н. Назарбаев.

"Бұл күн тәртібінде тұрған мәселе, біз бұл проблеманы қолға алуымыз керек",- деп атап өтті ол.

Елбасы "бұл тақырыптың ЕҚжЫҰ мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің алдағы саммитінде де талқыланатындығына" сенімін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны