20.02.2015, 11:27 3843

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорыныӊ Зорлық экстремизмге қарсы әрекет ету бойынша саммит жұмысына қатысуы туралы

Ақ үйдіӊ бастамасымен АҚШ-тыӊ Мемлекеттік департаменті ғимаратында Зорлық экстремизмге қарсы әрекет ету бойынша Саммит болып өтті, оған дүниежүзінен 60-тан аса делегация, соныӊ ішінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардыӊ, азаматтық қоғамныӊ өкілдері, сарапшылар, дін басшылары және жастар қатысты. Аталмыш форумда қазақстандық делегацияға Бас Прокурор Асхат Дауылбаев жетекшілік етті

Астана. 20 ақпан. Kazakhstan Today - Ақ үйдіӊ бастамасымен АҚШ-тыӊ Мемлекеттік департаменті ғимаратында Зорлық экстремизмге қарсы әрекет ету бойынша Саммит болып өтті, оған дүниежүзінен 60-тан аса делегация, соныӊ ішінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардыӊ, азаматтық қоғамныӊ өкілдері, сарапшылар, дін басшылары және жастар қатысты. Аталмыш форумда қазақстандық делегацияға Бас Прокурор Асхат Дауылбаев жетекшілік етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Саммиттіӊ ашылу салтанатында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри және БҰҰ-ныӊ Бас хатшысы Пан Ги Мун сөз сөйледі. Форумныӊ бірінші сессиясынан соӊ АҚШ Президенті Барак Обама баяндама жасады.

Форумныӊ басты мақсаты Зорлық экстремизмге қарсы іс-әрекет жоспарын әзірлеу болып табылады, бұл жоспар БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекет басшыларыныӊ кездесуінде қабылданады деп күтілуде.

Күн тәртібінде қозғалған негізгі тақырыптар зорлық экстремизм дамуыныӊ алдын-алу, оныӊ басты қозғаушы күшін жою, қауіпсіз қауымдастықтар құруға қатысты мәселелер болды.

Форумда сөз сөйлеу барысында А.Дауылбаев зорлық экстремизмніӊ барлық түрлерініӊ алдын-алу және оларға қарсы күресуде әлемніӊ барлық елдерініӊ күшін жұмылдыру идеясын қолдай отырып, елімізде экстремизм мен терроризмніӊ алдын-алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Бас Прокурор атап өткендей, халықаралық қауіпсіздікке қатер туғызатын экстремизм мен терроризм тосқауыл қоюдыӊ жаӊа тәсілдерін және әлемдік қауымдастықтыӊ неғұрлым тереӊ интеграциясын талап етеді. А.Дауылбаевтыӊ пікірінше, ортақ күш радикалды идеологияны таратудыӊ алдын-алу және жоюға, экстремизм мен терроризм профилактикасыныӊ тиімді тәсілдері бойынша тәжірибе алмасуға, әскери іс-қимылдарға қатысу үшін азаматтардыӊ шетелдерге шығуына жол бермеуге, өзге елдер территориясында жасырынуға тырысқан радикалды элементтерді уақтылы іздестіру және қамауға алуға, терроризмді қаржыландыру фактілеріне жол бермеуге бағытталуы тиіс.

Сөз соӊында Бас Прокурор зорлық экстремизм бойынша келесі аймақтық саммитті осы жылы Астана қаласында өткізуді ұсынды.

Форумныӊ қорытындысы бойынша Бірлескен коммюнике қабылданып, онда қатысушылар зорлық экстремизмніӊ барлық түрлеріне қарсы күресуге өздерініӊ шынайы ниетін білдірді, сонымен қатар қоғамныӊ радикалдануына қарсы тұруда әлемдік қауымдастықтыӊ күшін жандандыру қажеттігін атап айтты.

Осыған орай, экстремизммен күресте азаматтық қоғамныӊ, сондай-ақ жастардыӊ, әйелдердіӊ, діни, мәдени және білім беру ұйымдары басшыларыныӊ рөлі өте зор екендігі айтылды. Илеуметтік, экономикалық және саяси саладағы, әсіресе зорлық экстремизмге төтеп бере алмайтын азшылыққа қатысты мәселелерді шешуге аса назар аударылды.

Отырысқа қатысушылардыӊ ортақ пікірінше, Вашингтон саммиті экстремизмді тарату және насихаттауға қарсы әрекет етудіӊ жалпыға ортақ бағдарламасын әзірлеуге және оныӊ алдын алу бойынша тиісті шараларды дайындауға бағытталған дүниежүзі бойынша өтетін аймақтық кездесулер мен басқа да іс-шаралардыӊ бастамасы болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны