11.11.2009, 15:58 2867

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Алматы қалалық департаменті бастығының орынбасарының ұсталу оқиғасына байланысты өз ішінде қызметтік тексерулер жүргізуде

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Алматы қалалық департаменті бастығының орынбасарының ұсталу оқиғасына байланысты өз ішінде қызметтік тексерулер жүргізуде

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Алматы қалалық департаменті бастығының орынбасарының ұсталу оқиғасына байланысты өз ішінде қызметтік тексерулер жүргізуде. Бұл туралы агенттіктің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қалалық департаменті бастығының орынбасары Айдын Жантелевтің ұсталғандығын растаймыз. Алайда ұсталған азаматтың жеке тұлғасына және оны тұтқынға алу жағдайына байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдерінің әрекеттерінің заңдылығы күмән тудырып отыр",- деді М.Жұманбай.

"Бұл бағыттағы шаралардың нәтижелері алдағы уақытта қоғамның назарына ұсынылады. Осы орайда айта кетейік, Айдын Жантелеев ішкі істер және қаржы полициясы органдарында 13 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қызмет барысында оның есірткі қабылдағандығы жөнінде ешқандай да ақпарат болған емес", деді ресми өкіл.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыда есірткі сақтады деген күдікпен Алматы қалалық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті төрағасының орынбасары құрықталды.

ҰҚКД Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 5 қарашасында Алматы қаласындағы жер асты автотұрақтарының бірінде ҰҚКД қызметкерлері жедел іздестіру шараларының барысында Алматы қалалық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті төрағасының орынбасарын құрықтады.

"Жеке тексеру кезінде оның шалбарының қалтасынан бөлекше иісі бар жасыл түсті зат, ал оның пиджагының қалтасынан өсімдік тектес зат шықты. Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша ұсталғанның қалтасынан шыққан зат гашиш есірткілік заты, ал өсімдік тектес зат - марихуана болып шықты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тәркіленген есірткілік заттың көлемі аса ірі көлемге саналады. Сондай-ақ, осы орайда сол күні жүргізілген сот-токсикологиялық сараптама қорытындысы ұсталғанның наша шегіп алғанын көрсетіп берді", - деп хабарлайды ҰҚКД.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл дерек бойынша департаменттің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 259 - бабының 1-тармағы (есірткілік заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, ұқсату, жөнелту, өткізу) бойынша көрсетілген қылмыстық құрам бойынша қылмыстық іс қозғады. "Ұсталған ҰҚКД Тергеу абақтысына қамалды. Сот оны қамауға алуған санкция берді. Жедел тергеу амалдары одан әрі жүргізілуде",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тұтқындау шарасына дейін ҰҚКД қаржы полициясы төрағасының орынбасары заңсыз есірткі сатып алып, сақтайды деген шұғыл ақпарат алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны