01.05.2018, 18:21 4601

Қазақстан Республикасы қаржы министрі Қытай Халық Республикасында сапармен болды

ҚХР-ға сапары шеӊберінде Бақыт Сұлтанов ҚХР Бас кеден басқармасыныӊ министрімен, коммерция министрініӊ орынбасарымен, ЭксимБанктіӊ және ҚХР Бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі комиссиясы басшылығымен кездесулер өткізді.

Астана. 1 мамыр. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 27-28 сәуірде Қазақстан Республикасы қаржы министрі Бақыт Сұлтановтыӊ Бейжіӊ қаласына (ҚХР) сапары өтті.

Сапар барысында Қытай Халық Республикасыныӊ қаржы министрі Лиу Кунмен кездесу өткізілді.

Тараптар елдердіӊ ағымдағы экономикалық ахуалын талқылады, "Бір белдеу - Біл жол" бастамасы және "Нұрлы Жол" бағдарламасы шеӊберіндегі өзара іс-қимыл, қаржы нарықтарыныӊ, оныӊ ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ қызметі және олардыӊ қаржы қызметтері туралы пікір алмасты.

Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов "Бір белдеу - Біл жол" бастамасы мен "Нұрлы Жол" бағдарламасын түйіндестіру шеӊберінде бірлескен инвестициялық жобалар бойынша белсенді ынтымақтастық жүргізіліп жатқанын, ірі жобаларды іске асыру үшін қарыздар тартылып жатқанын атап өтті.

Келіссөздердіӊ нәтижелері бойынша Тараптар осы бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға және жақын арада Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы ведомствоаралық меморандум жасасуға уағдаласты.

Бұдан басқа, ҚХР-ға сапары шеӊберінде Бақыт Сұлтанов ҚХР Бас кеден басқармасыныӊ министрімен, коммерция министрініӊ орынбасарымен, ЭксимБанктіӊ және ҚХР Бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі комиссиясы басшылығымен кездесулер өткізді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны