06.05.2015, 22:53 3965

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде бүгін ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Бүгін Отан қорғаушылар күні және Жеӊіс күні қарсаӊында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде бүгін ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Астана. 06 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Отан қорғаушылар күні және Жеӊіс күні қарсаӊында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде бүгін ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еліміздіӊ әртүрлі өӊірлерінен келген ардагерлердіӊ салтанатты кеші Астана қаласыныӊ халықаралық әуежайынан басталды, оларды Ұлы Жеӊіс мерейтойыныӊ қарсаӊындағы әскери әндермен, жылы құрметтеу сөздерімен және құттықтаулармен қарсы алды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініӊ қызметкерлері оларды жылы лебізбен қарсы алды.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов өзініӊ ҰОС ардагерлеріне арнап айтқан сөздерінде екі мерекеніӊ - Отан қорғаушылар күні мен Жеӊіс күнініӊ бірінен соӊ бірі қатар келетіні Ұлы Отан соғысына қатысқан жеӊімпаздардыӊ әскери дәстүрлерініӊ және Отанымызды қазіргі қорғаушылар ерліктерініӊ сабақтастығы туралы куәландырады. Қазақстанныӊ атақты ұлдары мен қыздары басқа республикалар өкілдерімен қатар қаһарлы жауды талқандауға қатысты. Біздіӊ ардагерлеріміздіӊ керемет ерлігі, табандылығы, қайсарлылығы, қажымас қайраты және өмірлік күші барлық алдағы ұрпаққа үлгі болып қалады.

Соғыс жылдарыныӊ атрибутикасы сахнаны безендіріп жіберді, ал соғыстыӊ құжаттамалық кадрлері салтанатқа қатысушыларды 70 жыл кейінге қайтарды, сөйтіп оларға тағы да Ұлы Отан соғысыныӊ Жеӊісі елімізге қандай қиыншылықтармен, құрбандықтармен және жоғалтулармен түскенін еске салды.

Сахнада барлығына танымал әскери әндер айтылды, оларда сол жылдарғы азаматтардыӊ Отанға деген сүйіспеншілігі, солдаттардыӊ көрсеткен жауынгерлігі мен өжеттігі туралы айтылады.

Мерекелік концерттіӊ соӊында ҰОС-тыӊ ардагерлеріне естелік сыйлықтар және гүлдер берілді, сондай-ақ әскери палаткада ұйымдастырылған солдат ботқасы таратылды.

ҰОС-тыӊ ардагерлері Жеӊістіӊ мерейтойына арналған барлық іс-шараларға қатысатын болады, оныӊ ішінде еӊ басты оқиға - "Қазақ елі" алаӊындағы әскери шеру.

ҚР Қаржы министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны