14.08.2015, 19:20 4529

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеӊесі жанындағы Сараптамалық кеӊестіӊ отырысы өтті

Жұмыс барысында әлемдік экономикадағы ахуал мен интеграциялық үдерістер аясында ұлттық мүдделерді қорғау мәселелері қарастырылды

Астана. 14 Тамыз. Kazakhstan Today - Жұмыс барысында әлемдік экономикадағы ахуал мен интеграциялық үдерістер аясында ұлттық мүдделерді қорғау мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Отырысқа мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастықтары және "Атамекен" ҰКП басшылары, жетекші отандық сарапшылар мен ғалымдар қатысты. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Сөз сөйлеушілер өӊірлік экономиканы дамыту, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастық, Қазақстанныӊ Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі ел алдына түрлі салаларда ұлттық мүдделерді қорғау және жүзеге асыру жөнінде жаӊа міндеттер қоятынын атап өтті.

Президенттіӊ көмекшісі - Қауіпсіздік кеӊесініӊ хатшысы Н.Ермекбаев сарапшылар мен бизнес қауымдастықтарыныӊ ұсынымдарын ескере отырып, жауапты мемлекеттік органдарға экономикалық және ықпалдастық үдерістерді жан-жақты талдау және олардыӊ барлық ықтимал салдары мен қатерлеріне болжам жасау қажеттігін атап өтті.

Жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстанныӊ ықпалдастық бірлестіктеріне қатысуыныӊ тиімділігін арттыру жөнінде нақты ұсыныстар енгізілді.

Сараптамалық кеӊестіӊ ұсынымдары Қауіпсіздік кеӊесі жұмысында және Мемлекет басшысыныӊ төрағалығымен өтетін Қауіпсіздік Кеӊесініӊ отырыстарын дайындау барысында пайдаланылатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны