09.09.2010, 12:47 3609

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі тағайындалды

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 9 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Мемлекет басшысының Жарлығымен

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалған".

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімімен Қайрат Шораұлы Сарыбай Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Шораұлы Сарыбай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен; Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны