14.04.2015, 17:43 4178

Қазақстан Республикасы Президенттігіне Үміткер Н.И.Назарбаевтыӊ Республикалық қоғамдық штабыныӊ мүшелері Атырау облысына келді.

Бұл жерде олар ұлт Лидері жақтастарыныӊ Форумына қатысты, облыс белсенділерімен, Атырау мұнай өӊдеу зауыты (АМӨЗ) мен "ШевронМұнайГазИнк" компаниясыныӊ қызметкерлерімен кездесті

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Бұл жерде олар ұлт Лидері жақтастарыныӊ Форумына қатысты, облыс белсенділерімен, Атырау мұнай өӊдеу зауыты (АМӨЗ) мен "ШевронМұнайГазИнк" компаниясыныӊ қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Делегация құрамында - Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР Парламентініӊ депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, мәдениет пен өнер саласыныӊ өкілдері бар.

Алдағы сайлауда Елбасыға өз қолдауларын білдіру үшін "Жайық" спорт сарайына облыстыӊ мыӊдаған тұрғындары жиналды. Сөйлеген сөздерінде олар Қазақстанныӊ табысты дамып жатқаны үшін Мемлекет басшысына алғыстарын білдірді.

Одан әрі Салтанат сарайында РҚШ мүшелерініӊ Атырау облысыныӊ еӊбек ардагерлерімен кездесуі болды.

Еӊбек сіӊірген мәдениет қайраткері, өӊірдіӊ құрметті тұрғыны Ілия Жақанов өз сөзінде Мемлекет басшысы саясатыныӊ әлеуметтік-экономикалық қана емес, сондай-ақ мәдени саладағы табысты дамуға да бағытталғанын қадап айтты.

"Мемлекет басшысыныӊ бастамасымен "Мәдени мұра" бағдарламасы іске асырылды, соныӊ арқасында әлемдегі түрлі кітапханалар мен мұрағаттардан, біздіӊ еліміз үшін ерекше маӊызы зор бірегей жәдігерлер табылып, Қазақстанға әкелінді", - деді Ілия Жақанов.

Өз кезегінде еӊбек ардагері Любовь Монастырская бүгінгі қазақстандықтардыӊ - ынтымағы жарасқан бір үлкен отбасы болуына, Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ арқасында дүниеге келген Қазақстан халқы Ассамбеясыныӊ атқарып жатқан қызметініӊ зор екенін атап өтті.

"Ассамблеяныӊ әр сессиясында, әр форумында біздіӊ Елбасымыз бейбітшілікті, келісім мен халықтардыӊ бірлігін үнемі жақтаумен келеді. Біздіӊ бәрімізге - ұлы Лидеріміз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ маӊайына топтасқан - бір ұлт екенімізді түсінудіӊ маӊызы зор", - деді Любовь Монастырская.

Түстен кейін РҚШ мүшелері Атырау мұнай өӊдеу зауыты қызметкерлерімен жүздесті. Ұжымныӊ атынан зауыт қызметкері Илфия Гумерова сөз сөйледі. Ол еӊбек адамыныӊ қажеттілігін Мемлекет басшысыныӊ біреулерден есту арқылы ғана білмейтінін және еліміздегі барлық еӊбеккерлердіӊ оныӊ қамқорлығын сезетінін атап өтті.

"Елбасы біздіӊ аймақтыӊ дамуына әрқашанда ерекше көӊіл бөлді. Бүгінгі күні біздіӊ зауытта екі көлемді инвестжоба - хош иістелген көмірсутегі өндіру және тереӊде өӊделетін мұнай өнімдерін өндіру іске асырылуда. Зауыт заманауи үлгілер бойынша жабдықталған, жаӊа технологиялар енгізілуде. Біздіӊ аймаққа көптеген миллиард инвестициялар тартқан Нұрсұлтан Назарбаев болмағанда, осыныӊ бірі де болмас еді", - деп атап айтты И.Гумерова.

Зауыт жұмысшылары да Еӊбек Адамын қолдағаны үшін Елбасына алғыс айтты.

"Өндіріс цехыныӊ жұмысшысы ретінде мен жыл сайын бізде жаӊа жұмыс орындарыныӊ пайда болуыныӊ, еӊбек жағдайыныӊ жақсаруыныӊ, жетістіктерміздіӊ артуыныӊ куәсімін. Осыныӊ бәрі біздіӊ ертеӊгі күнге деген сенімімізді арттырады, сондықтан да мен өз отбасымныӊ игілігі үшін, яғни, еліміздіӊ игілігі үшін еӊбек етемін және меніӊ елімніӊ гүлдене түсуі үшін Елбасына дауыс беремін!", - деді Атыру мұнай өндіру зауытыныӊ хош иістелген көмірсутегі өндіру кешенініӊ операторы Қасиет Лұқпанов.

Кездесулер барысында Атырау облысыныӊ халқы алдағы сайлауда өздерініӊ Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беретіндерін бірауыздан мәлімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны