08.04.2015, 19:40 3733

Қазақстан Республикасы Президенттігіне Үміткер Н.И.Назарбаевтыӊ Республикалық қоғамдық штабыныӊ мүшелері Оӊтүстік-Қазақстан облысына келді.

Шымкентте РҚШ мүшелері ұлт Лидері жақтастарыныӊ Форумына қатысты, Түркістан қаласыныӊ жұртшылығымен, Кентау трансформатар зауытыныӊ қызметкерлерімен кездесті

Астана. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Шымкентте РҚШ мүшелері ұлт Лидері жақтастарыныӊ Форумына қатысты, Түркістан қаласыныӊ жұртшылығымен, Кентау трансформатар зауытыныӊ қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Делегация құрамында - Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстанныӊ "Ауыл" социал-демократиялық партиясыныӊ төрағасы Ғани Қалиев, ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, еӊбек сіӊірген мәдениет қайраткерлері, әйгілі спортшылар мен әртістер бар.

Шымкенттегі "Мұз сарайында" Ұлт Лидері жақтастарыныӊ Форумы өтіп, оған мыӊнан астам оӊтүстікқазақстандықтар қатысты. Форумныӊ қатысушылары бірауыздан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау білдірді және 26 сәуірде өздерініӊ мықты Лидер, яғни, Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев үшін дауыс беретіндерін мәлімдеді.

Сөйлеген сөзінде облыстағы славян этномәдени орталығыныӊ төрағасы Юрий Кирюхин, бүгінгі таӊда түрлі саладағы еліміздіӊ табыстарын қазақстандықтардыӊ Ұлт Лидері Н.И.Назарбаевтыӊ есімімен байланыстыратындарына тоқталды. .

"Бұл өте лайықты баға. Және бүгінгі таӊдағы әрбір қазақстандықтыӊ парызы, әлеуметтік-экономикалық дамудағы оӊ нәтижелерге жетуге барынша ықпал ету, сондықтан да бұл жұмысты әр түрлі деӊгейде біздіӊ мемлекетіміздіӊ мүддесін қорғай білетін Елбасыға сеніп тапсыру дұрыс болады!", - деді өзініӊ сөйлеген сөзінде Ю.Кирюхин.

Түркістанда РҚШ мүшелері қоғам өкілдерімен жүздесті. Батыр-ана Татьяна Саурынбаева өз жерлестерініӊ атынан Елбасыға алғыс айтты, ол республикамыздыӊ табысты әлеуметтік саясатыныӊ -тікелей Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтыӊ еӊбегі екенін атап өтті. Оныӊ сөзін физика пәнініӊ мұғалімі Зүбәйра Сүлейменова да қолдады.

"Жауынгер-интернационалистіӊ жұбайы ретінде мен бейбітшілік пен келісімніӊ құнын, ұстаз және ана ретінде, балаларымыздыӊ дамуы үшін жағдай жасау бойынша істеліп жатқан шаралардыӊ қаншалақты маӊызды екенін жақсы білемін. "Серпін" бағдарламасыныӊ арқасында меніӊ ұлдарымныӊ бірі тегін негізде жоғары білім алуда. Тұрақтылық пен бейбітшіліктен маӊызды ештеӊе де жоқ, біздіӊ елімізде оған Елбасыныӊ дана саясатыныӊ арқасында қол жетіп отыр", - деп атап өтті Зүбәйра Сүлейменова.

РҚШ мүшелері Кентау қаласында болып, онда трансформатар зауытыныӊ ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында зауыттыӊ инженер-конструкторы Иділбек Тәжібаев өзініӊ кәсіби жолын таӊдауға техникалық мамандықтарды игеру қажеттілігі туралы Мемлекет басшысыныӊ үндеуініӊ себепші болғанын тілге тиек етті.

"Алматыдағы Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ тәмамдай салысымен, мен трансформатор зауытына келдім. Бүгінгі таӊда зауыт инфрақұрылымыныӊ 90 % әлемдік үлгілерге жақындаған, жыл сайын көрсеткіштеріміз өсуде. Осыныӊ бәрі де Мемлекет басшысыныӊ өндірістік секторды қолдауыныӊ арқасында болып жатыр. Мемлекетті басқару - оӊай міндет емес, ол әркімніӊ қолынан келе бермейді, бірақ бұл міндетті біздіӊ Елбасымыз табысты іске асыруда! Біз, жастар, нұрлы болашақты жақтаймыз және ол болашақтыӊ Елбасымен бірге болғанын қалаймыз!", - деді Иділбек Тәжібаев.

Кездесу барысында Оӊтүстік-Қазақстан облысыныӊ тұрғындары Ұлт Лидері Н.И.Назарбаевқа бірауыздан қолдау білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны