04.04.2016, 09:51 4280

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініӊ Таулы Карабақ аумағындағы жағдайға қатысты мәлімдемесі

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыныӊ Таулы Карабақ мәселесін реттеу бойынша Минск тобыныӊ күш-жігерін қолдай отыра, жанжалды тек қана бейбіт жолмен шешу қажеттілігі жөнінде ұстанымымызды қайта растаймыз.

Астана. 4 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Сыртқы істер министрлігі Таулы Карабаққа қатысты жағдайды мұқият бақылауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жанжал аумағында оқ атуды тоқтату тәртібініӊ бұзылуына және адамдардыӊ қаза болуына қатты алаӊдаушылық білдіреміз, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Тараптарды ұстамдылық танытуға және оқ атуды тоқтату туралы уағдаластықтарды қатаӊ ұстануға шақырамыз.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыныӊ Таулы Карабақ мәселесін реттеу бойынша Минск тобыныӊ күш-жігерін қолдай отыра, жанжалды тек қана бейбіт жолмен шешу қажеттілігі жөнінде ұстанымымызды қайта растаймыз.

Қазақстан Республикасы Таулы Карабақ мәселесініӊ пәтуалық шешімдерін іздеу үдерісін жандандыра түсуді жақтайды және жанжалды реттеуде ілгері жылжу үшін мүдделі тараптардыӊ сындарлы көзқарас танытатынына сенім артады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны