04.07.2018, 15:37 4385

Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ қаулысымен "Іле-Балқаш" Мемлекеттік табиғи резерваты құрылды

Резерваттыӊ жалпы алаӊы 415 164,2 гектарды құрайды және Алматы облысыныӊ Балқаш ауданында орналасқан. Резерват БҰҰДБ биоалуантүрлілік пен экожүйелерді сақтау жөніндегі жобасыныӊ қолдауымен құрылып отыр.

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ қаулысымен (ҚР) 2018 жылғы 27 маусымдағы №318 қаулысымен жаӊа ЕҚТА - "Іле-Балқаш" Мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Резерваттыӊ жалпы алаӊы 415 164,2 гектарды құрайды және Алматы облысыныӊ Балқаш ауданында орналасқан.

Резерват БҰҰДБ биоалуантүрлілік пен экожүйелерді сақтау жөніндегі жобасыныӊ қолдауымен құрылып отыр. Жаӊа ерекше қорғалатын табиӊи аумақтарды кеӊейту және құру Қазақстанныӊ биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы маӊызды жетістігі болып табылады. Бұл процестер Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін Қазақстан қолданған жерүсті экожүйесін қорғау және қалпына келтіру шараларына, сондай-ақ климаттыӊ өзгеруімен күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдауына сәйкес келеді.

Резерватты құру үшін БҰҰДБ мен Ауылшаруашылығы министрлігініӊ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті бірлесіп 8 жылдан астам жұмыс істеуі қажет болды. Бұл жұмыстар "Іле-Балқаш" резерватын құру жолында кешенді ғылыми зерттеулер жүргізуді, табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздеме жасауды талап етті.

Резерват өзіне Іле өзенініӊ қазіргі сағасын, жайылма, сексеуілді ормандарды және Балқаш өзенініӊ оӊтүстік шығыс жағалауындағы сазды-батпақты жерлерді қамтиды. Іле өзенініӊ қазіргі сағасы Орталық Азияда сақталған, суда жүзетін және су жағасындағы, соныӊ ішінде ғаламдық құрып кету алдында тұрған жапай ұя салатын құстар мекендейтін жер ретіндегі халықаралық мәні бар, сазды-батпақты жерлері мол соӊғы ірі атырау болып табылады. "Іле-Балқаш" резерватыныӊ экожүйелері өсімдіктер мен жануарлар әлемініӊ жоғары биоалуантүрлілігімен айырықшаланады және қызыл кітаптағы, реликтік және эндемиктік түрлердіӊ маӊызды бөлігін қамтиды.

Өӊір, жаӊа реверваттыӊ айналасында тұратын халықтыӊ тығыз орналасуымен ерекшеленеді , бұл жергілікті экожүйеге белгілі бір жүктеме салады. Үйлестіру кеӊесіне жергілікті тұрғындардыӊ өкілдерін тарту бірлесіп шешім қабылдауға, резерваттыӊ үйлесімді өмір сүруіне көмектеседі, сондай-ақ оныӊ биоалуантүрлілігі мен экожүйесін сақтауға мүмкіндік береді.

Жануарлар әлемі

Іленіӊ сағасын мекендейтін сүрқоректі жануарлардыӊ 39 түрі бар, соныӊ ішінде үш түрі Қазақстанныӊ қызыл кітабына енгізілген. 56 түрі Қазақстанныӊ қызыл кітабында бар құстарға қатысты, осы жерді мекендейтін сирек кездесетін және құрып бара жатқан 33 түрі енгізілгенін, соныӊ ішінде 19 түрі ұя салатын, 11түрі - қоныс аударатын және 3 түрі - ұшып келетін құстар екенін айтсақ та жеткілікті. Осы аймақ бұйра және қызғылт бірқазандар, кольпицалар, савкалар, ақ көз торғайлар, ақ құйрық бүркіт, сексеуіл торғайы, қарабауыр шілдер үшін ерекше маӊызды. Сулы-батпақты алқаптар, сондай-ақ түлеу және аялдау орны ретінде қоныс аударатын құстар үшін маӊызды.

Өсімдіктер әлемі

Резерват аймағында жоғары өсімдіктер флорасы 241 түрлер және 68 тұқымдастардыӊ 427 түрі берілген. Кез келген өӊірдіӊ немесе нақты бір учаскеніӊ сирек кездесетін өсімдіктері аса маӊызды рөлге ие болады. Зерттеліп отырған аймақта сирек кездесетін түрлі санаттардыӊ 37 түрі белгіленген, бұл флораныӊ жалпы саныныӊ шамамен 9% құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны