06.06.2014, 23:36 3218

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Рахат Илиевтің Вена қаласында ұсталуына байланысты түсінік берді

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Рахат Илиевтің Вена қаласында ұсталуына байланысты түсінік берді

Алматы. 6 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Рахат Илиевтің Вена қаласында ұсталуына байланысты түсінік берді. Онда былай делінген:

"Бұқаралық ақпарат құралдарынан келіп түскен сұрауларға байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы келесіні хабарлайды.

2014 жылдың 5 маусымында Австрия Республикасының құқық қорғау органдары Вена қаласында Р.М.Илиевті ұстаған.

Вена қаласының прокуратурасы өкілдерінің мәлімдемесіне сәйкес, Р.М.Илиевті ұстауға "Нұрбанк" АҚ топ-менеджерлері Ж.Темірәлиев пен А.Хасеновті ұрлау және өлтіру фактісі бойынша тергеу материалдары негіз болған.

Мұның алдында осы айыптаулар бойынша экстрадиция жасаудан бас тартылғандығына байланысты қазіргі уақытта бұл тергеу жұмыстарын Австрияның құзыретті органдары жүргізуде.

Австриялық тарап осы іс бойынша құқықтық көмекке жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны тиісті көлемде көрсетуге дайын.

Австриялық тараптан осы іс бойынша ресми ақпараттың түсуі туралы қосымша хабарланатын болады".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны