17.02.2016, 17:27 4839

Қазақстан Республикасыныӊ Ішкі істер министрі Қ.Н.Қасымов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді

2016 жылдыӊ 17 ақпанында Қазақстан Республикасыныӊ Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді

Астана. 17 ақпан. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 17 ақпанында Қазақстан Республикасыныӊ Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жұмыс сапары барысында Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы Ахуалдық орталықтыӊ жұмысымен танысты. Аталған орталықтыӊ барлық жүйесі ғаламтормен тіркеліп, электронды планшеттер мен жұмыс барысын пайыздық көрсеткішпен есептеуге арналған экранмен қамтамасыз етілген. Басқа өӊірлермен тікелей байланысқа шығуға мүмкіндік те жасалған. Онан өзге, облыстық ішкі істер департаменті, денсаулық, білім басқармаларыныӊ жұмысымен онлайн режимде танысуға болады. Облыстыӊ экономикалық ахуалын талдап көрсететін түрлі бағдарламалар да орнатылған. Мұныӊ өзі ахуалдық орталықтыӊ жұмысыныӊ жоғары сапада қызмет көрсетілетіндігін дәлелдейді.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлыныӊ Сыр өӊіріндегі жұмыс сапары Нартай Бекежанов атындағы облыстық драма театрында өткен Қызылорда облысы әкімі К.Е.Көшербаевтыӊ халық алдында есеп беру жиынына қатысуымен жалғасын тапты. Өӊірдіӊ әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші сараланып, облыс тұрғындарыныӊ ұсыныс-пікірлері тыӊдалды.

Сонан соӊ генерал-полковник Қалмұханбет Қасымов Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдыӊ қаӊтар айынан бастап құрылған жергілікті полиция қызметініӊ жұмысымен танысты.

Қызылорда облысындағы жергілікті полиция қызметінініӊ жалпы штаттық бірлігі 1006,5-ті құрайды. Облыстық маслихаттыӊ кезекті 42 сессиясыныӊ шешімімен, Қызылорда облысы Ішкі істер департаментіне облыс бюджетінен 4 млрд. 574 млн. 346 теӊге бөлініп, оныӊ 2 млрд. 100 млн. 812 мыӊ теӊгесі жергілікті полиция қызметін қамсыздандыруға қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлыныӊ Сыр өӊіріндегі жұмыс сапары ОІІД, қалалық ішкі істер басқармасы, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Көліктегі ішкі істер бөлімі сынды ішкі істер органдарыныӊ басын біріктіріп отырған "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамдық бірлестігініӊ жұмысымен танысумен қорытындыланды.

Жұмыс сапарыныӊ соӊында, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов полиция қоғамныӊ өзіне деген сенімін арттыратындай етіп жұмыс жасауы керектігін ескерте келе, Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті басшылығына облыс аумағындағы жедел жағдайдыӊ жай-күйін бақылауды қамтамасыз ету және Елбасы Н.И.Назарбаевтыӊ ішкі істер органдарыныӊ алдына қойған міндеттерін мүлтіксіз орындау бағытында нақты тапсырмалар берді.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны