28.03.2007, 18:21 3051

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қарулы күштерді модернизациялаудың бірінші кезеңін алдағы үш жылда аяқтауды жоспарлап отыр

АСТАНА. 1-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қарулы күштерді модернизациялаудың бірінші кезеңін алдағы үш жылда аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін келісім-шарт негізінде борышын өтеуші әскери қызметкерлермен кездесу барысында әскери мекеменің басшысы Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз үш жыл ішінде біздің әскерімізді модернизациялаудың бірінші кезеңін аяқтауды жоспарлап отырмыз, бұл бізге жақсы қаруланған және біздің еліміздің шебін қорғаудағы міндеттерді атқара алатын жағдайдағы мобильді армия құруға мүмкіндік береді",- деді Даниал ахметов.

Қорғаныс министрі, "сатып алынып жатқан және де алдағы жылдары сатып алынатын жаңа қару-жарақтар мен жаңа техникалар ең алдымен тұрақты әскери дайындық бөлімшелеріне жөнелтілетін болады", деп атап көрсетті. Атап айтқанда, оның сөздеріне сүйенсек, 62 ресейлік БТР-80А бронетранспортерін осы жылы, осыншалықты жаңа БТР келесі жылы сатып алу жоспарланған. Бір БТР-дің құны, Даниал Ахметовтың мәліметтеріне сүйенсек, 1 млн АҚШ долларын құрайды.

Сонымен қатар, министр осы жылдың ішінде қазақстандық армия қару-жарағының есебінде тұрған Т-72 танкілері жаңартылатындығын, модернизация бұл машинаның атуды басқару жүйесі мен қозғалтқыш бөлігіне қатысты екендігін атап өтті. Д. Ахметов, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің осы жылы әскери дайындыққа кеткен шығыны 10 млрд 600 млн теңгеден асып жығылатындығын хабарлады.

"Бастапқыда 2007 жылғы әскери дайындыққа 3,9 млрд теңге қарастырылған болатын. Біз осы жылдың бюджетіне талдау жасай отырып, әскери дайындықтың сапасын жақсарту үшін қосымша 3 млрд 095 млн теңге қарастырдық. Нәтижесінде біз оларды 12 Л-39 ұшағын күрделі жөндеуден өткізуге жібереміз, МиГ-31 әуе тренажерларын аламыз, әуе қорғаныс күштері үшін жанар-жағармай сатып аламыз, ал үстіміздегі жылы әскери дайындыққа кеткен жалпы шығын 10 млрд 600 млн теңгеден астам қаржыны құрайды",- деп түсіндірді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны