07.10.2016, 12:18 4068

Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Жарлығымен Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Астана. 7 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Жарлығымен Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Жарлық мәтінінде былай делінген:

Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін құру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ 44-бабыныӊ 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаӊғырту және оныӊ тиімділігін арттыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құрылсын.

Қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік), жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, бірыӊғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық Министрлік қызметініӊ негізгі бағыттары болып айқындалсын.

Жаӊадан құрылған Министрлікке:

Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрлігінен - қорғаныс өнеркәсібі саласындағы;

Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму министрлігінен - ғарыш қызметі саласындағы;

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрлігінен - жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ Кеӊсесінен - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасыныӊ Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілсін.

2. Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігініӊ Ақпараттық қауіпсіздік комитетін, Аэроғарыш комитетін және Мемлекеттік материалдық резервтер комитетін құруды;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. "Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентініӊ 1999 жылғы 22 қаӊтардағы № 6 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

"Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрлігі;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;".

4. Осы Жарлықтыӊ орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентініӊ Икімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 6 қазан № 350

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны