03.06.2015, 18:02 3484

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Ибдіқалықованыӊ төрағалығымен Қазақстан Республикасыныӊ әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын тағайындау бойынша комиссияныӊ бірінші отырысы өтті.

Астана. 03 Маусым. Kazakhstan Today - Мемлекеттік хатшы Г.Н. Ибдіқалықова Мемлекет басшысы ұсынған 5 институционалдық реформа және 100 нақты қадам Ұлт жоспарыныӊ әр қадамы заманауи қазақстандық қоғамныӊ іргесі мен зияткерлік әлеуеті болатын білім және үздік технологиялар тірегін болжайтынын атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Гүлшара Ибдіқалықова Ұлт жоспарын іске асыруда қазақстандық ғылыми-техника зиялыларыныӊ жоғары технологиялық экономикалық өсу мен қазақстандықтардыӊ өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында адами капиталды дамыту үшін басты рөл атқаратынын айтып өтті.

Ил-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ Жарлығымен 2015 жылғы каӊтарда жарияланды, ол үздік ғылыми зерттеулер мен енгізілген инновациялар үшін тағайындалады. Сыйлықты іздену үшін түбегейлі жаӊа өнімді, технологияны құру және оны экономиканыӊ түрлі салаларында енгізу бойынша ғылыми-технологиялық және инновациялық қызметтіӊ танылған нәтижелері ұсынылуы мүмкін. Ил-Фараби атындағы сыйлыққа ұсынылған жұмыстыӊ қазақстан халқы үшін экономикалық және әлеуметтік әсері болуы тиіс.

Ғылым мен техника саласындағы сыйлықтар екі жылда бір рет тағайындалады. Сыйлық көлемі 18,6 млн.теӊгені құрайды. Аталған шаралар ғалымдар еӊбегін және олардыӊ ғылымға қосқан шынайы үлесін ынталандыруға, ғылымды қажетсінетін экономиканы дамытуға бағытталған.

2015 жылғы Қазақстан Республикасыныӊ әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияныӊ қарауына 26 жұмыс ұсынылды. Отырыс барысында Мемлекеттік сыйлықты тағайындауға ұсынылған жұмыстар бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қорытындылары мен сараптамалық-талдау нәтижелері қарастырылды. Келесі бағыттар бойынша секция төрағалары ұсыныстармен сөз сөйледі: физика-математикалық және техникалық, химия-технологиялық ғылымдар, биологиялық және ауыл шаруашылығы, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар, медициналық, металлургия және жер туралы ғылымдар.

Комиссия отырысыныӊ қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасыныӊ әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын тағайындауға алдын ала іріктеуден өткен жұмыстар тізбесін бекіту туралы шешім қабылдады. Тізбе кеӊінен қоғамдық талқылау мақсатында "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерініӊ таяу уақыттаға нөмірлерінде жарияланатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны