18.02.2015, 17:15 3901

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалары Офисініӊ басшысы Наталия Заруднамен кездесті

Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастық жоғары деӊгейде екенін, оған еліміздіӊ 2010 жылы аталған Ұйымға төрағалық етуі айқын дәлел болатынын атап өтті

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастық жоғары деӊгейде екенін, оған еліміздіӊ 2010 жылы аталған Ұйымға төрағалық етуі айқын дәлел болатынын атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алдағы жылдары Қазақстанныӊ ЕҚЫҰ-дағы қызметініӊ басым бағыттарыныӊ бірі "Қауіпсіздік қоғамдастығы жолында" деп аталатын Астана декларациясында белгіленген Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығын құру жөніндегі стратегиялық мақсатқа қол жеткізу болып табылады. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, тараптар әлеуметтік-гуманитарлық дамудыӊ, сот үстемдігін және адам құқығын қамтамасыз етудіӊ, этносаралық қарым-қатынасты үйлестірудіӊ, гендерлік теӊдікті қамтамасыз етудіӊ бірқатар мәселелері бойынша өзара іс-қимылдыӊ жай-күйі мен келешегін талқылады.

Г.Ибдіқалықова Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалары Офисініӊ жұмысында Қазақстанныӊ мүдделері ескерілетін ынтымақтастықтыӊ басым салаларына назар аударудыӊ маӊыздылығына тоқталды.

Мемлекеттік хатшы ЕҚЫҰ Тұрақты Кеӊесініӊ 2014 жылғы 18 желтоқсандағы Вена отырысында 2015 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалары Офисі болып қайта құрылатыны туралы №1153 шешімі қабылданғанына тоқталды.

ЕҚЫҰ бағдарламалары Офисініӊ мандаты Қазақстанда орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен және ведомстволармен ықпалдаса отырып, қауіпсіздіктіӊ үш өлшеміне (әскери-саяси, экономикалық-экологиялық, гуманитарлық) қатысты түрлі жобалар жүргізуді қарастырады.

Атап айтсақ, Офистіӊ қызмет аясына қару-жарақты бақылау, шекараларды басқару, лаӊкестікке және адам саудасына, қаруға және есірткіге қарсы күресті қоса есептегенде қауіпсіздік, сондай-ақ экономика-экологиялық мәселелер, адам құқығы және сот үстемдігі, құқық және БАҚ еркіндігі мәселелері енеді.

Кездесудіӊ қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалары Офисініӊ қолданыстағы жобалары аясындағы жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны