20.05.2015, 15:26 3184

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова бірқатар елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

Г.Ибдіқалықова Мексика, Венесуэла, Конго Республикасы, Корея Халықтық Демократиялық Республикасы, Судан Республикасы және Эль-Сальвадор Республикасыныӊ Қазақстандағы елшілері қызметін қоса атқаратын Төтенше және Өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Астана. 20 Мамыр. Kazakhstan Today - Г.Ибдіқалықова Мексика, Венесуэла, Конго Республикасы, Корея Халықтық Демократиялық Республикасы, Судан Республикасы және Эль-Сальвадор Республикасыныӊ Қазақстандағы елшілері қызметін қоса атқаратын Төтенше және Өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекеттік хатшы Мексика, Венесуэла, Конго және КХДР-дыӊ уәкілетті өкілдерін "ЭКСПО 2017" көрмесін өткізу құқығын алу барысында Астананыӊ кандидатурасына қолдау көрсеткендері үшін, сондай-ақ Мексика, Венесуэла, Сальвадор және КХДР елшілеріне 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан Республикасыныӊ кандидатурасын қолдағандары үшін алғысын білдірді. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Гүлшара Ибдіқалықова Мексика елшісі Марта Елена Барсенамен әӊгіме барысында Мексика Қазақстанныӊ Латын Америкасындағы Бразилиядан кейінгі ірі сауда серіктесі екенін атап көрсетті. Қазақстан мен Мексика арасындағы 2014 жылғы тауар айналымы 120,8 млн. АҚШ долларын құрады. Мемлекеттік хатшы Қазақстанда ашылуы 2015 жылға жоспарланып отырған Мексиканыӊ елшілігі арқылы тікелей дипломатиялық қарым-қатынас орнату еларалық байланыстарды саяси және экономикалық қана емес, әлеуметтік-гуманитарлық салаларда да тереӊдетуге мүмкіндік туғызатынын атап өтті.

Екіжақты кездесу барысында мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамытудыӊ жай-күйі мен келешегі талқыланды. Г.Ибдіқалықова атап көрсеткендей, жаһандану жағдайында саяси, экономикалық, сауда, ғылыми, мәдени және басқа салалардағы ынтымақтастықты дамыту біздіӊ мемлекеттеріміздіӊ ұлттық мүдделеріне сай келеді. Осыған орай, дипломатияныӊ табыстылығын өзара іс-қимылдыӊ деӊгейі айқындайды.

Тараптар кеӊ ауқымды мәселелер бойынша байланыстарды кеӊейтуге өзара мүдделілік танытты. Олардыӊ қатарында, қаржы, мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібі салаларындағы, азық-түлік өнімдері өндірісіндегі, баламалы энергетикадағы және басқа да салалардағы ынтымақтастықтар бар.

Мемлекеттік хатшы аталған мемлекеттердіӊ төтенше және өкілетті елшілерініӊ қызметтері біздіӊ елдеріміздіӊ арасындағы ынтымақтастық әлеуетін арттыруға ықпал етеді деп үміттенетінін айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны