07.09.2015, 12:42 4070

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігініӊ Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэролин Браунмен кездесті

Иӊгіме барысында тараптар Қазақстан-Британия арасындағы сыртқы және ішкі саясат саласындағы ынтымақтастықтыӊ бүгінгі жай-күйі мен келешегін талқылап, стратегиялық серіктестікті одан әрі тереӊдетудіӊ өзара мүдделестігін нақтылады.

Астана. 7 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Г.Ибдіқалықова Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынас барлық негізгі бағыттар бойынша серпінді дамып жатқанын атай отырып, елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік таяу аралықта жаӊа сапалы деӊгейге шығатынына сенім білдірді. Мемлекет басшысы ұсынған Бес институционалдық реформа аясындағы "100 нақты қадам" - Ұлт Жоспарын іске асыру іскерлік байланыстарды тереӊдету үшін мол мүмкіндіктер ашады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекеттік хатшы мемлекетті, экономиканы және қоғамды кезеӊ-кезеӊімен жаӊғырту аясында 2017 жылы Астанада "Болашақтыӊ энергиясы" тақырыбында өтетін "ЭКСПО" халықаралық көрмесініӊ маӊыздылығын айтты. Бұл көрме отандық экономиканы әртараптандыру ісіне және Қазақстанныӊ "жасыл технологияны" пайдалануға өтуіне серпін беруі тиіс. Бұл орайда Ұлыбританияныӊ ЭКСПО-2017-ге қатысуы оған жоғары ресурстық және энергия сақтаушы технологиялар әзірлеу және енгізу саласындағы өз жетістіктерін паш етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Иӊгіме барысында тараптар Қазақстан-Британия арасындағы сыртқы және ішкі саясат саласындағы ынтымақтастықтыӊ бүгінгі жай-күйі мен келешегін талқылап, стратегиялық серіктестікті одан әрі тереӊдетудіӊ өзара мүдделестігін нақтылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны