30.10.2015, 16:23 4208

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова Ұлттық музейде болды

Мемлекеттік хатшы музейді аралау барысында "Археология", "Тарих", "Алтын", "Қазіргі заманғы өнер" залдарымен, сондай-ақ Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына орай ұйымдастырылған "Тарихи жады және тағылым" және Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ 20 жылдығына арналған "Ұлттық натюрморт" көрмелерімен танысты

Астана. 30 Қазан. Kazakhstan Today - Мемлекеттік хатшы музейді аралау барысында "Археология", "Тарих", "Алтын", "Қазіргі заманғы өнер" залдарымен, сондай-ақ Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына орай ұйымдастырылған "Тарихи жады және тағылым" және Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ 20 жылдығына арналған "Ұлттық натюрморт" көрмелерімен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Г.Ибдіқалықоваға сондай-ақ музейдіӊ әлемдегі қазіргі заманғы музей ісін дамытудыӊ жаһандық трендтеріне сай келетін Ұлттық музей қызметініӊ негізгі бағыттары баяндалды. Қазіргі кезде музей Жорж Помпиду (Франция) атындағы Ұлттық өнер және мәдениет орталығымен, Амброзиана (Италия) кітапханасымен, Тан династиясы тұсындағы (Қытай) ежелгі Батыс базарыныӊ Сиан музейімен, Ресейдіӊ Мемлекеттік Эрмитажымен және басқа да мұражай орталықтарымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалған. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Музейді аралап көргеннен кейін Мемлекеттік хатшы Ұлттық музейді одан әрі дамытуға қатысты бірнеше нақты тапсырма берді.

Ұлттық музей Қазақстан Президентініӊ тапсырмасы бойынша 2013 жылы құрылды. "Алтын Адамныӊ" ғылыми реконструкциясы және ежелгі аӊ кейіптес стильде жасалған скиф-сібір алтын бұйымдары музейдіӊ басты жәдігері болып саналады. Ұлттық музейдіӊ басты ерекшелігі - мұнда бірегей имек экран, медиа еден, Астана қаласыныӊ қазіргі орталық бөлігініӊ макеті, бірнеше медиа экрандар, голограммалар, диод шамдармен жабдықпен LED-техника, сенсорлық киоскілер, мультимедиялық гид сияқты заманауи инновациялық музей технологиялары қолданылады. Бүгінгі таӊда музей қорындағы жәдігерліктердіӊ жалпы саны 188 мыӊнан асады.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ 20 жылдығы, ҚР Конституциясыныӊ 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы жеӊістіӊ 70 жылдығы және Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына арналған 26 халықаралық және республикалық көрме, соныӊ ішінде "Тарихи жады және тағылым", "Ортақ Жеӊіс", "Қазақ құқығыныӊ тарихы", "Мәӊгілік Ел" және басқа да көрмелер ұйымдастырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны