25.06.2015, 15:05 3337

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықованыӊ қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеӊесініӊ кеӊейтілген отырысы өтті

Астана. 25 Маусым. Kazakhstan Today - Кеӊес жұмысына Президент Икімшілігі, министрліктер мен ведомстволар өкілдері, ҚР Парламентініӊ депутаттары, өӊірлердегі ғылыми-сарапшылық топтар жетекшілері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Отырыста "Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет" - 100 нақты қадам Ұлт жоспарыныӊ төртінші институционалдық реформасы - "Біртектілік пен бірлікті" іске асырудағы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеӊесініӊ міндеттері қаралды, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы ғылыми зерттеулер, ҚХА жылын ғылыми-сарапшылық тұрғыдан қолдау барысы және өзге де ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекеттік хатшы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеӊесі мүшелері жүргізіп отырған жұмыстыӊ маӊызына тоқтала келіп, "Болашағы біртұтас ұлт" төртінші институционалдық реформасын іске асыру аясындағы Ассамблеяныӊ ғылыми қауымдастығыныӊ міндеттерін атап көрсетті. Азаматтық қағидаттары негізінде қазақстандық біртектілікті дамыту және нығайту, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтау ісіне қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны