03.10.2016, 13:09 4414

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы V Баку халықаралық гуманитарлық форумына қатысты

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы Изербайжан Республикасыныӊ Премьер-министрі Артур Таир оглы Расизадемен кездесті.

Астана. 3 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова "Қазақстан-Изербайжан" достық қоғамы Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арнап ұйымдастырған іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Іс-шараға бизнес өкілдері мен отандастар қатысты. Мемлекеттік хатшы ширек ғасыр ішінде Қазақстан елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін айтты. Түрлі салаларда түбегейлі реформалар жүргізілді.

Г.Ибдіқалықова "Бірліктіӊ, ынтымақтыӊ және рухымыздыӊ беріктігініӊ арқасында экономикалық дамуға, азаматтық келісімге қол жеткіздік деп" атап өтті. Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Бес институционалдық реформада айқындалған мемлекет құрудыӊ жаӊа сапалы кезеӊіне көшті. "Мәӊгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясы ұлт жоспарыныӊ негізгі бағдарына айналды.

Іс-шара барысында Г.Ибдіқалықова Қазақстанныӊ тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктеріне тоқталып, еліміздіӊ халықаралық деӊгейде мойындалған бастамалары жөнінде жан-жақты айтып өтті. Мемлекеттік хатшы кездесуге қатысушылардыӊ назарын биыл Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитте Қазақстан Президенті жария еткен "Илем. XXI ғасыр" манифесіне аударды. "Бұл - Қазақстанныӊ бейбітшілік пен жасампаздықтыӊ жақтаушысы екендігініӊ жарқын дәлелі ретінде бүгінгі жағдайға шынайы баға беретін, бүкіл адамзатқа арналған ашық үндеу", - деді Мемлекеттік хатшы.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы Изербайжан Республикасыныӊ Премьер-министрі Артур Таир оглы Расизадемен кездесті. Қазақстан-Изербайжан қарым-қатынастарыныӊ, оныӊ ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамытудыӊ өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар өзара тиімді әріптестікті дамытудыӊ айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті.

V Баку халықаралық гуманитарлық форумыныӊ соӊында Г.Ибдіқалықова Изербайжан Республикасыныӊ Отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетініӊ төрайымы Иджран Гусейновамен кездесті. Мемлекеттік хатшы Гендерлік теӊдік стратегиясыныӊ іске асырылуы биыл аяқталатынын атап өтіп, Қазақстан Республикасында Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес 2030 жылға дейінгі гендерлік және отбасылық саясат жөніндегі тұжырымдама әзірленіп жатқанын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны