29.01.2007, 16:06 3178

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Қарағанды облысына жұмыс сапарымен бармақ

ҚАРАҒАНДЫ. 25-қаңтар. Kazakhstan Today. Ертең, 30-қаңтарда, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына бірінші жұмыс сапарымен бармақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
 
Сапар барысында К. Мәсімов коммунальдық үй салынған "көгілдір тоғандар" ықшамауданына барады. Сонымен қатар, үкімет басшысы Қарағанды 3-ЖЭО, "Стройкомплект" ЖШС бармақ. 
 
Премьер-министр Теміртаудағы "Миттал Стил Теміртау" АҚ кәсіпорынына барып, домналық цех жұмысымен танысады. Осында индустриялық саябақтың ресми ашылуы жоспарлануда. 
 
К. Мәсімов Қарағанды қаласына қайта оралып, Қарағанды экономикалық университетіне барып, "Виртуалдық кәсіпорын" бағдарламасымен және "Электрондық университет" бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысады. Сондай-ақ, үкімет басшысының жұмыс сапарында "Атамекен" өкілдерімен кездесу жоспарланған. Кездесу "Нұр Отан" партиясының кеңсесінде өтпек. 
 
Премьер-министрдің жұмыс сапары "Миттал Стил Теміртау" АҚ көмір департаментінде өтетін кеңеспен аяқталады. Кеңесте көмір департаментін дамыту және еңбек қауіпсіздігін күшейту бағдарламсының тұсаукесері өтеді, сондай-ақ, Ленин атындағы шахтада болған апаттан кейін мемлекеттік комиссияның жасаған ескертулерін жою туралы баяндама тыңдалынады. 
     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны