22.12.2016, 17:56 3501

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық брендін анықтау бойынша дауыс беру нәтижесінде еӊ көп дауыс жинаған 40 жұмыс Сарапшылық кеӊесте таныстырылды

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтіӊ төрағалығымен Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық брендін анықтау бойынша байқаудыӊ сарапшылық кеӊесініӊ отырысы өтті.

Астана. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтіӊ төрағалығымен Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық брендін анықтау бойынша байқаудыӊ сарапшылық кеӊесініӊ отырысы өтті.

Қазіргі уақытта өӊірлік брендинг көп жағдайда мемлекеттіӊ туристік және инвестициялық тартымдылығыныӊ деӊгейін анықтайды, олардыӊӊ өнімдерініӊ танымалдығын арттырып, халықаралық аренадағы беделіне және ғаламдық еӊбек бөлінісіндегі орнына ықпал етеді.

"Соӊғы жылдары әлемде визуалды графика кеӊінен қолданылуда. Адамныӊ 80 пайызы ақпаратты көру арқылы алады. Кәсіби маркетологтар бұрыннан бері өз жұмыстарын осы қағиданыӊ негізінде жүргізіп келеді. Сондықтан, бүгінгі таӊда мәліметті тез ұғыну үшін инфографика, фото-видеосы бар материалдарға басымдық берілуі кездейсоқ емес", - деп атап өтті отырыс барысында вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов.

Еске сала кетейік, Қазақстанныӊ халықаралық аренадағы оӊ келбетін қалыптастыру және танымалдығын арттыру, қазақстандық ерекше туристік орындарды ақпараттық қолдау, шетелдік инвестиция тарту мақсатында ұйымдастырылғанҚазақстан Республикасыныӊ Ұлттық брендін анықтау бойынша Республикалық байқау 31 тамызда басталды. Байқауға қатысушылардан Қазақстанныӊ әлемдік кеӊістікте танымалдығын арттыруда қолданылатын логотип немесе эмблема жобасын және оған ұран сөзді қоса ұсыну талап етілді.

Ұйымдастыру комитетіне азаматтардан барлығы 1000-нан аса жоба келіп түсті.Қазіргі уақытта байқаудыӊ I кезеӊі - интернет қолданушыларыныӊ дауыс беруі аяқталды. Оныӊ аясында қазақстандықтар өздеріне ұнаған жобаға дауыс берді. Екінші кезеӊ - интернет дауыс беру нәтижесінде іріктелген үздік жобалар Сарапшылық кеӊесте таныстырылды.

Атап айтқанда, Сарапшылық кеӊестіӊ қарауына дауыс беру нәтижесінде еӊ көп дауыс жинаған 40 жұмыс ұсынылды. Сарапшылар бұлардыӊ ішінен үздік 10 жобаны таӊдап алады. Байқау ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық бренді - ресми логотипі мен ұраны қалыӊ көпшілікке таныстырылады.

Сарапшылық кеӊес құрамына танымал саясат және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар өкілдері, мәдениет пен өнер қайраткерлері кіреді.

Сарапшылық кеӊестіӊ шешімімен келесі отырыс тура бір айдан кейін өткізіледі, онда ұсынылған финалдық жобалар қаралады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны