07.04.2010, 17:07 3390

Қазақстан РФ мен АҚШ арасында стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту жөніндегі шартқа қол қойылуын құптайды - Назарбаев

"Ядролық қарудан арылу бойынша көп іс тындырған Қазақстан басқа мемлекеттерді де ядролық қарудан азат әлем құру жолындағы қадамдарды одан әрі жалғастыруға ұдайы шақырады. Осыған байланысты біз ертеңге межеленген Прагада АҚШ пен Ресей президенттерінің стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту жөніндегі жаңа шартқа қол қоюын құптаймыз", - деді Н. Назарбаев.

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан РФ мен АҚШ арасында стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту жөніндегі шартқа қол қойылуын құптайды. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу қорытындысы бойынша мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ядролық қарудан арылу бойынша көп іс тындырған Қазақстан басқа мемлекеттерді де ядролық қарудан азат әлем құру жолындағы қадамдарды одан әрі жалғастыруға ұдайы шақырады. Осыған байланысты біз ертеңге межеленген Прагада АҚШ пен Ресей президенттерінің стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту жөніндегі жаңа шартқа қол қоюын құптаймыз", - деді Н. Назарбаев.

Бұл, мемлекет басшысының бағалауынша, "ірі ядролық мемлекеттер өз қолындағы арсеналын азайтуға, ғаламдық ядролық қауіпсіздікті нығайтуға қатаң бел буғанына куә бола алады".

"Бұл адамзат дүниесі ядролық қарудан толық құтыла алады және оған қол жеткізуге болады деген сенімді көңілге ұялатады", - деді ол.

Президент сонымен қатар "Қазақстан бұдан былай да жер бетінің миллиондаған тұрғындарының арманын БҰҰ-мен бірлесе ақиқатқа айналдыру үшін бар күш-жігерін салатын болады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны