22.07.2015, 14:03 3762

Қазақстан соттарына сот істерініӊ бейнехаттамаларын қарап отыру міндеттелді - ҚР Жоғарғы соты

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотыныӊ төрағасы Қайрат Мәми облыстық сот төрағаларына соттардыӊ жұмыс сапасын арттыру мақсатында бұрын өткізілген сот істері бойынша отырыстардыӊ дыбыс және бейне жазбаларын қарап отыруды міндеттеді. Бұл туралы ол еліміздіӊ соттарыныӊ 2015 жылы атқарған жұмыстарыныӊ қорытындысы бойынша Жоғарғы сотта өткен кеӊейтілген мәжілісінде мәлім етті

Астана. 22 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотыныӊ төрағасы Қайрат Мәми облыстық сот төрағаларына соттардыӊ жұмыс сапасын арттыру мақсатында бұрын өткізілген сот істері бойынша отырыстардыӊ дыбыс және бейне жазбаларын қарап отыруды міндеттеді. Бұл туралы ол еліміздіӊ соттарыныӊ 2015 жылы атқарған жұмыстарыныӊ қорытындысы бойынша Жоғарғы сотта өткен кеӊейтілген мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жекелеген судьялар сот ісін қарауға дайындықты талапқа сай өткізеді деп айта алмаймыз. Сот отырыстары кешігіп басталып, оған қатысушылар материалдарды толық білмейді, ал кейбір сот өкілдері өзгелердіӊ этикаға сай келмейтін әрекеттерін тыйып отырмақ түлігі өздері де әдептілік талаптарын орындамайды. Келесі бір судьялар болса, сот үдерісі барысында ұялы телефонмен сөйлескен, олар дыбыс және бейнежазу құралдарында жазылып қалған",-деді Қ.Мәми, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Осыған байланысты, Жоғарғы сот төрағасы облыстық соттардыӊ башыларына бұрын қаралған істер бойынша сот отырыстарыныӊ дыбыс және бейнежазбаларын қарап отыруды міндеттеді.

"Осы сияқты кемшіліктер орын алған жағдайда, мұндай материалдарды сот этикасы жөніндегі комиссияға жолдау қажет. Нақты істер бойынша аппеляциялық деӊгейде қаралатын төменгі сатыдағы сот отырыстарыныӊ дыбыс және бейнежазбаларын міндетті түрде қарап отыруды тәжірибеге енгізу қажет",-деді ол.

Қ.Мәми осы сияқты шаралардыӊ сот үдерістерініӊ жалпы мәдени деӊгейін көтеріп, соттарға деген азаматтардыӊ сенімдерін арттыратындығын айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны