13.05.2010, 13:55 3641

Қазақстан үкімет басшысы Каспий теңізінің жағалауындағы жұмыс істемей тұрған ұңғыларды жою жоспарын жасау жөнінде кезекті тапсырма берді - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Қазақстан үкімет басшысы Каспий теңізінің жағалауындағы жұмыс істемей тұрған ұңғыларды жою жоспарын жасау жөнінде кезекті тапсырма берді - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Астана. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Каспий теңізінің жағалауындағы жұмыс істемей тұрған ұңғыларды жою жұмыстарының кесте-жоспарын жасау және оны қаржыландыру жөнінде кезекті тапсырма берді. Бұл туралы ҚР қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Елдана Сәдуақасова журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бүгін үкімет басшысы кесте-жоспарын жасау және оны қаржыландыру жөнінде кезекті тапсырма берді , яғни, Каспий теңізінің жағалауындағы жұмыс істемей тұрған ұңғыларды кезең-кезеңмен жою жұмыстарының бюджеттік сұранымын қорғау тапсырылды,- деді Елдана Сәдуақасова журналист сауалына берген жауабында.

Оның айтуынша, "енді ол үшін барлық ұңғылардың кадастры мен тізімдемесі жасалады және ондай тізім бар, ендігі жерде оларды жою бағдарламасы кезең-кезеңмен дайындалады".

Сондай-ақ, Елдана Сәдуақасованың айтуына қарағанда, қазір Каспий теңізіндегі мұнай өндіру қауіпсіздігін тексеру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы қаулының жобасы әзірленуде. "Қазір осындай қаулының жобасын ҚР Мұнай және газ министрлігі дайындап жатыр, оған кіретін кандидатуралар таныстырылды. Осындай комиссияны құру жөніндегі қаулының жобасы таяу күндерде жарық көреді", - деді ол.

Оның мәліметінше, "113 ұңғы теңіздің сулы бөлігінде". "Жалпы алғанда 1113 ұңғы бар, бүгінгі жағдаймен ең тауқыметті 90 ұңғы жойылған, қалғандары жағалауға жақын маңда орналасқан. 12 - 20 ұңғы жоюға бірінші кезекке қойылған, бұдан кейін жағалау маңындағы инфрақұрылым бойынша жалғасады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны