31.07.2008, 18:30 6294

Қазақстан үкімет басшысы құқықтық статистика және арнаулы есеп комитетінің іс-қызметімен танысты

Қазақстан үкімет басшысы құқықтық статистика және арнаулы есеп комитетінің іс-қызметімен танысты

Астана. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнаулы есеп комитетінің іс-қызметімен танысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнаулы есеп комитетінің төрағасы Георгий Кимнің айтуынша, мекеменің басты мақсат-міндеті мемлекеттік органдарды, заңды және жеке тұлғаларды заңдылық пен құқықтық тәртіп жөніндегі толық ақпаратпен тиімді әрі шынайы қамтамасыз ету, елімізде құқықтық статистика жүйесін дамыту және жетілдіруге саяды.

Кәрім Мәсімов жалпы алғанда комитеттің жүргізіп отырған жұмыстарын мақұлдады. "Сіздер алға қойған мақсаттар мен біз білетін ақпарат сұранысқа сай. Бірақ, осындай талдаманы біздің ұдайы әрі нақты пайдалана беруіміз бен комитет берген мүмкіндіктердің аяғына дейін талданатындығы - бөлек мәселе ", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны