15.12.2009, 17:11 2960

Қазақстан үкімет басшысы мен АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі екі ел арасындағы экономикалық өзара іс - қимылды кеңейту жайын талқылады

Қазақстан үкімет басшысы мен АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі екі ел арасындағы экономикалық өзара іс - қимылды кеңейту жайын талқылады

Астана. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Роберт Блейкпен (Robert Blake) кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты, оның ішінде екі елдің арасындағы экономикалық өзара іс - қимылды кеңейтуге қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Осы орайда екі елдің жеке кәсіпкелік саласының өзара байланыстарының перспективалары әңгіме болды. К.Мәсімов Қазақстан мен АҚШ кәсіпкерлер тобы өкілдерінің ашық әрі өзара тиімді серіктестік ынтымақтастығына Қазақстан мүдделі екенін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар екі мемлекет арасындағы үйлесімді қарым - қатынастардың жалғасатынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны