18.09.2008, 16:34 1386

Қазақстан үкімет басшысы мен Иордания Хашимиттік Корольдігінің Мәдениет министрі екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективасын талқылады

Қазақстан үкімет басшысы мен Иордания Хашимиттік Корольдігінің Мәдениет министрі екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективасын талқылады

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Иордания Хашимиттік Корольдігінің Мәдениет министрі Нэнси Бакирмен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар екі елдің ынтымақтастығын жандандыруға ниетті екенін білдірді және Қазақстанның Иорданиямен қарым-қатынасын дамытуға барынша қолдау көрсетілетіне назар аударды.

Кездесу барысында әлеуметтік-мәдени, білім беру мен денсаулық сақтау, сондай-ақ экономиканың әртүрлі салаларында ынтымақтастықты кеңейтудің қазіргі кездег перспективасы талқыланды.

Тараптар екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру және бизнес саласындағы қазіргі уақыттағы байланысты кеңейту, шараны күшейту мәселесінде бірыңғай пікірге тоқтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны