18.02.2008, 18:22 2879

Қазақстан үкімет басшысы мен Қырғызстан СІМ екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан үкімет басшысы мен Қырғызстан СІМ екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Астана. 18 ақпан. "Қазақстан Бүгін" Қазақстан үкімет басшысы мен Қырғызстан СІМ екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды агенттік үкіметітң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін үкімет үйінде Қырғыз сыртқы істер министрі Эднан Қарабаевпен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның өзара қарым-қатынастары, соның ішінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Эднан Қарабаев премьер-министрді Қазақстан мен Қырғыз сыртқы істер министрлері кеңесінің бүгін өткен екінші отырысының қорытындыларынан хабардар етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны