28.12.2009, 13:19 3217

Қазақстан үкімет басшысы мереке күндері елде өрт қауіпсіздігін айрықша қадағалауды тапсырды

Үкіметтің тапсырмасымен ІІМ-мен бірлесе отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталу жайына 2235 нысанға тексеру жүргізілді. "Біз 1315 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартып, 111 нысанға қатысты өрескел заң бұзушылықтарға байланысты жабу жөнінде соттарға шағым түсірдік", - деді министр.

Астана. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мереке күндері елде өрт қауіпсіздігін айрықша қадағалауды тапсырды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында үкімет басшысы облыстық әкімдіктер мен Төтенше жағдайлар министрлігіне тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен облыстық әкімдіктер мен Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелеріне ұзаққа созылатын мерекеге және көпшілігі демалысқа кететіндігіне байланысты барлық жерлерде жауапты кезекшілерді қалдыруды тапсырамын", - деді Кәрім Мәсімов еліміздің төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мен облыс әкімдеріне қаратып айтқан сөзінде.

Сондай-ақ, ол энергия қамтамасыздығына да бақылау жасау керектігін ескертті. "Қазір ауа райы қатты суытып тұр және ол жуырда тыйыла қоймайтын түрі бар. Барлық нысандарда сол себепті энергетикалық қамтамасыздық үшін жауапты тұлғалар болуы қажет",- деді ол.

Селекторлық жиында төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім еткендей, мерекелік іс-шаралар кезінде "өрттен қорғау қызметінің жеке құрамын болдыру жағдайы қамтамасыз етіліп, отшашу саудасына қойылатын бақылау күшейтілді". "Біз бәріне тыйым салудан аулақпыз, бірақ біз орын-жайлардың ішінде отшашуды пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдадық. Ал орын-жайлардан тысқары жерлерде қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілген жағдайда ондай тыйым жоқ", - деді В. Божко

Министрдің ақпаратына сәйкес, үкіметтің тапсырмасымен ІІМ-мен бірлесе отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталу жайына 2235 нысанға тексеру жүргізілді. "Біз 1315 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартып, 111 нысанға қатысты өрескел заң бұзушылықтарға байланысты жабу жөнінде соттарға шағым түсірдік", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны