12.01.2009, 18:26 3052

Қазақстан үкімет басшысы министрліктер мен мекемелердің бірінші басшыларына өз сайттарында жеке блог ашуды тапсырды

Қазақстан үкімет басшысы министрліктер мен мекемелердің бірінші басшыларына өз сайттарында жеке блог ашуды тапсырды

Астана. 12 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов министрліктер мен мекемелердің бірінші басшыларына өз сайттарында жеке блог ашуды тапсырды. Ол мұны Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің кеңейтілген алқа отырысында тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен үкіметтің сайтында өз блогымды ашып, өзімнен бастадым. Сол себепті мен қаңтардың аяғына дейін барлық министрліктер мен мекемелердің бірінші басшыларына өз сайттарында жеке блог ашуды тапсырамын ", - деді Кәрім Мәсімов.

"Мен сонымен біруақытта сіздерге қандай сұрақтар беріп жатқанын қарайтын боламын. Өйткені, ондай мүмкіндік ұдайы бола бермейді. Блог жұмыс істегелі үш күн өтсе де, мен өптеген қызғылықты сауалдар алдым", - деді премьер-министр.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы премьер - министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен 2008 жылғы жұмыс қортындылары және 2009 жылға арналған жұмыс жоспары жөнінде Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.

"Агенттіктің 2008 жылғы қызметі және 2009 жылға арналған міндеттер туралы" құттықтау сөзімен және баяндамамен ҚР АБА төрағасы Қуанышбек Есекеев сөз алды.

Алқа жұмысының бірінші күнінің аяқталуында ҚР мемлекеттік органдары серверлік орталығының көрсетілімі және журналистер үшін баспасөз конференциясы болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны