29.05.2009, 18:34 2822

Қазақстан үкімет басшысы Орталық Азия, Қара теңіз аймағы және Балқан елдерінің орталық банктерін басқарушылар клубының XXI отырысына қатысты

Қазақстан үкімет басшысы Орталық Азия, Қара теңіз аймағы және Балқан елдерінің орталық банктерін басқарушылар клубының XXI отырысына қатысты

Астана. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Астанада бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Орталық Азия, Қара теңіз аймағы және Балқан елдерінің орталық банктерін басқарушылар клубының XXI отырысына қатысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

К.Мәсімов Қазақстанның экономиканы тұрақтандыруға қатысты, атап айтқанда, банктердің акционерлік капиталдарына қосымша қаражат беру, екінші деңгейлі банктерге төлем қабілетін арттыру үшін қосымша көздер ұсыну және қайта қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты жүргізіп отырған шаралары туралы айтты.

Сонымен қатар, премьер-министр шикізаттан басқа секторда жұмыс істейтін кәсіпорындарға салықтық жүктелімді азайту жөніндегі жаңа салық кодексінің қолданыстағы қағидаларын, сондай-ақ, әлеуметтік төлемдерді арттыру мен тұрғындардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарын қолдауға қатысты шараларды да атап өтті.

ОБ басқарушылар клубының отырысын өткізудің өзектілігіне тоқталған К.Мәсімов "мұндай жоғары деңгейде ақылдасу әлемдік дағдарысты еңсеруде дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретінін" айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін "General Electric International" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Джеффери Р. Иммельтпен кездесті.

Кездесуде компанияның Қазақстандағы қызметінің келешектегі жай-күйі, оның ішінде инвестициялық жоспарлары жөнінде әңгіме өрбіді.

Премьер-министр америкалық компанияның бастамаларын мақұлдап, екі елдің пайдасына сай келетін жобаларды әрі қарай жүзеге асыруда Қазақстанның мүдделілігін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны