08.01.2007, 15:31 3400

Қазақстан үкімет басшысы отставкаға кетті (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 8-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан үкімет басшысы Даниал Ахметов отставкаға кетуге өтініш берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтегі ақпарат көзіне сілтеме жасап.

"Үкімет басшысы бүгін отставкаға кетті",- деді ақпарат көзі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкімет басшысы Даниал Ахметовтың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады

Д.Ахметов 1954 жылы туған. Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы - инженер-құрылысшы.

2003 жылы Мәскеуде "Қазақстандағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің аймақтық ерекшеліктері" тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Экономика ғылымдарының докторы.

Институтты бітіргеннен кейін құрылыстарда мастер, аға прораб, "Екібастұзшахтақұрылысы" трестінде жетекші, Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, "Екібастұзэнерготұрғынүйөндірісқұрылысы" тресінің басқарушысы қызметтерін атқарды.

1992 жылдан бастап Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы, содан кейін Павлодар облыстық әкімшілігінің басшысы.

1995 жылы Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.

1997-1999 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі. 1999 жылдың қазанынан 2001 жылдың қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, бірінші орынбасары, содан кейін 2003 жылдың маусымына дейін Павлодар облысының әкімі болды.

2003 жылдың маусымынан - Қазақстан Республикасының премьер-министрі.

Үйленген, екі баласы бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны