04.01.2008, 13:14 1572

Қазақстан үкіметі 2008 жылға арналған шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын бекітті

Қазақстан үкіметі 2008 жылға арналған шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын бекітті

Астана. 4 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі 2008 жылға арналған шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын бекітті. "Қазақстан Республикасы аумағында 2008 жылы еңбек ету үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу туралы" атты тиісті қаулы бүгін ресми БАҚ-тарда жарияланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан Республикасы аумағында 2008 жылы еңбек ету үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны республика халқының экономикалық белсенді бөлігіне шаққанда 1,60 процент көлемінде, соның ішінде : бірінші және екінші санаттар бойынша (ұйымдардың басқарушы құрамы, жоғары және орта кәсіби білікті мамандар) - 0,60 процент; үшінші санатта (кәсіби жұмысшылар) - 0,93 процент; төртінші санатта (маусымдық ауылшаруашылығы жұмыстарымен шұғылданатын жұмысшылар) - 0,07 процент болып белгіленсін", делінген қаулыда.

Бұл құжат 2007 жылдың 28 желтоқсанында қабылданған. Қаулы бірінші рет ресми жарияланғаннан 10 күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны