16.01.2008, 10:53 1866

Қазақстан үкіметі аккредитациялау органын анықтады

Қазақстан үкіметі аккредитациялау органын анықтады

Астана. 16-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі "Техникалық реттеу туралы" заңға сәйкес аккредитациялау органын анықтады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі сейсенбі күні ресми баспасөзде жарияланған қаулы мәтініне сілтеме жасай отырып.

"Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредитациялау орталығы" ЖШС аккредитациялау органы ретінде бекітілсін", - деп көрсетілген қаулыда.

Бұл құжатқа сәйкес, орталық қызметі "аккредитация бойынша мемлекеттік емес және үкіметтік емес халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға, аккредитация аттестатын 3 жылға беруге, аккредитация аттестаттарының мерзімін алты айға дейін тоқтатуға, инспекциялық тексерулерді орындауға негізделген".

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны