09.04.2010, 14:15 3478

Қазақстан үкіметі Қырғызстан азаматтарына қайырымдылық көмек көрсетеді - премьер

Қазақстан үкіметі Қырғызстан азаматтарына қайырымдылық көмек көрсетеді - премьер

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан үкіметі Қырғызстан азаматтарына қайырымдылық көмек көрсетеді. Бұл туралы Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін үкіметте Грузия премьер-министрі Николоз Гилауримен кездесу қорытындысы бойынша мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан үкіметі Қырғызстан азаматтарына жан-жақты қайырымдылық көмек көрсетеді ", - деді Кәрім Мәсімов. Ол мемлекет басшысы кеше Қырғызстандағы оқиғаға қатысты арнаулы мәлімдеме жасағанын атап өтті.

"Біздің пайымдауымызша, Қырғызстандағы ахуал таяу уақыттарда бейбіт жолмен шешілуге тиіс. Ең бастысы - адамдар зардап шекпеуі керек", - деді премьер-министр журналистер сауалына берген жаабында.

Сонымен бірге ол қазір Қазақстан өкілі әрі ЕҚЫҰ өкілі ретінде мәжіліс депутаты Жәнібек Кәрібжановтың Қырғызстанда жүргенін нақтылап өтті.

"Ол оқиға орнында ахуалды бағалауда, бұдан кейін Қазақстан үкіметі белгілі бір шешім қабылдайды", - деді премьер.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстанда сәуірдің 6 мен 8 аралығында президент Құрманбек Бакиевтің отставкаға кетуін талап еткен жаппай наразылық науқандары өтті. Елде төтенше жағдай енгізілді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, өткен күндерде Қырғызстанда 75 адам қаза тауып, 1,5 мың адам зардап шеккен. 9 және 10 сәуір Қырғызстанда соған байланысты қаралы күндер деп жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны