28.07.2008, 10:10 1145

Қазақстан үкіметі мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған тұрғын үйлерді сату ережесін бекітті

Қазақстан үкіметі мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған тұрғын үйлерді сату ережесін бекітті

Алматы. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі 2008-2010 жылдарға арналған ҚР Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлерді жергілікті атқарушы органдардың сату ережесін бекітті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"ҚР үкіметінің 2008 жылдың 19 шілдесіндегі № 711 қаулысымен 2008-2010 жылдарға арналған ҚР Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлерді жергілікті атқарушы органдардың сату ережесін бекітті", - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Ережеге сәйкес, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-жұлдызынан кешіктірмей тұрғын үйлерді сатқаны жөніндегі ақпаратты ҚР Индустрия және сауда министрлігі және Қаржы министрлігіне ұсынуы тиіс.

ҚР Иділет министрлігіне республика заңдарына сәйкес, жылжымайтын мүлікке меншік құқын тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жүктеледі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткеннен кейін күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны