25.02.2011, 16:48 5710

Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ БЖКБ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шарт қабылданды

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының (БҰҰ БЖКБ) арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 25 - ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының (БҰҰ БЖКБ) арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған келісімге 2007 жылғы қарашада Астана қаласында қол қойылған болатын. Келісім негізгі шарттардан тұрады. Ол бойынша БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасы өзінің мандаты шеңберінде ел Үкіметімен ынтымақтасады. Елімізде өз өкілдіктерін ашып, босқындар мен басқа да азаматтарға өз құзыретіне жататын көмек көрсету функцияларын жүзеге асырады. Бұдан бөлек, БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасы елімізде жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың арасында қарым-қатынасты орнату мен қолдауды қоса алғанда, оның құзыретіне жататын босқындар мен басқа да адамдарға қатысты өзінің мандатына сәйкес Жоғарғы Комиссар ұйғарған функцияларды да жүзеге асырады.

Қазақстан Үкіметі БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасына оның мүлкіне, қаражаты мен активтеріне, сондай-ақ оның лауазымды адамдары мен іссапарда жүрген сарапшыларына 1946 жылғы 13 ақпандағы БҰҰ-ның артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияның тиісті ережелерін қолданады.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны